Кешіре гөр, көңілдің тыншымауын

Мұқағали Мақатаев

Тағы да таң атады, күн шығады,
Түн келеді,
Тіршілік тыншығады.
Ауысып алма - кезек тұрсын әлі,
Ей, менің өмірімнің күн шуағы.
Ей, менің өмірімнің күн шуағы!
Көлеңкесіз осылай тұршы кәні.
Кейде менен кейіген үн шығады,
Кешіре гер, көңілдің тыншымауын?
Аққуын әлдилеген айдындарым,
Аулаққа ұшып кетсем, қайғырмағын.
Алдыңа арманымның жайдым бәрін,
Аманат өткермеген ай, жылдарым.
Ауғанын, ауысқанын күн бесінге,
Сұм жүрек біледі ғой...
Білмесін бе...
Ей, менің күн шуағым, мүмкіндік бер,
Шығатын күндеріммен тілдесуге.
Кешіре гөр, көңілдің тыншымауын?
Тыншымаймын!
Біткенім - тыншығаным.
Талма түсті тайдыра көрмегейсің?
Ей, жарық күн шуағым,
Күн шуағым!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Тәрбие берудің табиғат қорғаудағы ұлттық негіздері
Жазушы қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдері
Дін жан ақыл ұрпақ пен мал-мүлік сенімділігі
КӨРКЕМ МІНЕЗ
Адам мәселесінің, Абай даналығында бейнеленуі
Жүсіптің (Мария анамыздың жұбайы) Захария
Түркістан Республикасы
Қазақ отбасы
Ұлы Жібек жолы мәдениеті
Қажылықтың қасиеттерi
Delphi программасы - зерттелінетін процесстің алгоритмін компьютерде жүзеге асыратын программа құру
Алгоритмнің жазылу түрлері мен құрылымдық негіздері
«Князь Игорь»
Грамматикалық категориялар туралы түсінік
ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ
Топырақтың су категориялары тұрпаты түрлері
Тырна тілімді емдеп бере гөр
Пифагор теоремасы
Қыран баба, өзің қолдай гөр
Василиса Егорға ашулы пішінмен күдіктене қарап