Сондайларды ұялмай, Қосармысың адамға

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

СОҒЫСТЫҢ КЕСІРІ
Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ өтіп,
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Ыңырану боп сөздері,
Шытынып көкшіл көздері,
Елестеп көзіне арманы,
Жетем деп ойға алғаны,
Елдегі қатын - баланың,
Әке, шеше, ағаның
Көрмей, жылап қалғаны.
Міне сондай заманда,
Жау әскері қалаңда;
Мал-мүлкіңнен күдер үз!
Ажары тәуір қатын - қыз
Зорлауы мен таланда.
Талай милар бұрқырар,
Саз балшықтай табанда.
Адам күші жетер ме,
Мұнан да әрі жаманға?!
Сондайларды ұялмай,
Қосармысың адамға?..
Больницаға барғанда,
Сай - сүйегің сырқырап;
Кейбіреулер қорқырар,
Кейбіреулер қырқырап,
Дәрігер пышақ салғанда:
Кейлер шыңғырып, шырқырап.
Кейінің ерні кезерер,
Ымдап жұтым су сұрап;
Өкпе тұсы — жан жерден,
Жан тұратын әр жерден,
Кейінің қаны бұрқырап.
Қайғыланып отырар,
Көзден жасы жылтырап...

ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке



Ұқсас жұмыстар

Денсаулық қорғау
Кант классикалық неміс философиясының негізін салушы
Қазіргі кезеңге сай әлеуметтік -экономикалық даму аймақтарының басқару органдары
Зекет
Қазақ елінің ұлттық идеясы– Мәңгілік Ел!
Леонардо да Винчи өмірі
Сараң алгоритмдерде шешім қабылдау
Мемлекет формасы
Интонацияның маңызы
Мейірбан металдар және қорытпалар
Адамға талай жерді көрген артық, Танысып әркімдерді білген артық
Біздің өміріміздің алғаш кірпішін қалаған адамға бас имеуіміз үлкен қателік
Еңбек - адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы
Бақыттан сұрай кел, қызымды қандай адамға берейін
Бас - аяғы үш - ақ әріптен құралған ана сөзінің мағынасы түсінген адамға түпсіз теңізден терең, жеті қат аспаннан да биік, мөлдір судан да таза
Адамға ең бірінші ақыл керек
Құстардың кейбірі адамға дос
Адамға Алланың берген ерекше қасиеті - армандай білу
Бір адамға алдансаң, бүкіл әлем алдамшы көрінеді
Дуэт - толық үндестікпен орындайтын екі адамға арналған шығарма