Мектеп атын шығарар

ШҚО, Аягөз қаласы, №5 жалпы білім беретін орта мектеп КММ. Бастауыш класс мұғалімі: Аязбекова Дария Сериковна.

Ертеңгілік: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Ортаға 1 «В» сыныбының оқушыларын шақырамыз. (Оқушылар ортаға ұлдар мен қыздар қатарласып шығады.)


Салтанатты ашылу

Ерқанат

Уа, халайық! Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар! Барша құрметті қонақтар, төрлетіңіздер! Әліппемен қоштасу тойымызға қош келдіңіздер!

Нұрдана

Бүгін алғаш рет тойланатын мерекеміз! Бізбен бірге қуанып, бірге болыңыздар. Төрт ай бойы әріппен таныстырған Әліппеге алғыс айтатын күніміз келді!

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін мектебіміздің 1 «В» сынып оқушылары бүкіл білім мен ғылым жолының бастауы болған «Әліппе» оқулығын тәмамдап, онымен қоштасқалы отыр.

Әліппені аяқтау — алдағы өмірге бастайтын талай белестің бірі. Ендеше, бүгін бүлдіршіндеріміз сол белестердің бірінен абыроймен асты. Бұл — бәріміз үшін үлкен, салтанатты мереке. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстазға құрмет

Лейла

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары —
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары.

Еркебұлан

Кім болсаң да — ұмтылма жоғары,
Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болма, прокурор ма, сот па —
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

Ұстаздар үшін тағы да бір қол соғып, қошемет көрсетейік!

Ахмет Байтұрсынұлы: «Алты алаштың баласы бас қосса да, төрдегі орын — ұстаздікі».

Қонақтарды ортаға шақыру

  • Мектеп директоры — ____________
  • Оқу ісінің меңгерушісі — ____________
  • Музыка пәні мұғалімі — ____________
  • Ағылшын тілі пәні мұғалімдері — ____________
  • Орыс тілі пәні мұғалімі — ____________
  • «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі — ____________

Құттықтау сөз — мұғалімдерге.

Оқушыларға мінездеме және тақпақтар

Айбек, Арнат, Алтынай

Көрінер ылғи алдыңнан,
Аттарына заты сай.
Өмірдегі қадамдарың озат болсын —
«А» әрпінің әліпбидегі орнындай.

Альбина, Аяжан, Абдурасул, Ақтілек

«А» әрпінен басталған есімдерің,
Жарасып тұр ажарлы кескіндерің.
Алдыға озып, көрінетін болыңдар,
Арта берсін ақыл-ой, білімдерің.

Нұрым мен Нұрдана

Нұр төгілер күлгенде,
Нұрсұлтандай елбасы
Болар ма екен өскенде?!

Сабина мен Саида

Сұлу қыздар класта,
Барлық бала көз алмай
Қарайды сабақ айтқанда.

Толғанай, Темірлан, Төрекелді

Сендердің мінездерің ерекше дейді.
Толғанай үнсіз ғана,
Темірлан мен Төреге
Тоқтау салып жүреді.

Рамазан мен Расул

Рамазан мен Расулдай
Ерке бала жоқ шығар.
Қуанғанда екеуі
Жымың қағып көп тұрар.

Лейла

Лейла — біздің байыпты,
Үздік бағаға ғана лайықты.
Оқығанда зуылдатып кітабын,
Баршамызды тамсантты.

Ұлан

Ұланның ұлы есімі
Ақтайды елдің сенімін.
Ел қорғайтын өскенде,
Ұланы болар елімнің.

Мунира

Мунира, есімің де ерекше,
Жүрісің де, мәнерің де бөлекше.
Артамыз біз зор үміт —
Көрінер деп биіктерден келешекте.

Жәнібек

Жәнібек, есімің сенің ерекше,
Әз-Жәнібек хандай бол!
Қазақ елін көтеретін —
Білім, қайрат сенде мол.

Еркебұлан, Ерқанат, Ермұхамет

Аттарына заты сай —
Ер жігіт болып өседі.
Арасында Еркежанды
Еркелетіп жүреді.

Б әрпінен басталатын есімдер

Міне, біздің класта
Берен, Балнұр, Бақыт бар —
Бар осындай балалар.

Жүздері бал-бұл жайнаған,
Бірі алғыр, бірі ойшыл —
Бақытты бұл балалар.
Болар деп үміт артыңдар.

Гүлай

Гүлай, сенің есімің
«Г» әрпінен басталған.
Білімің жан-жақты —
Мектеп атын шығарар.

Мейірім төгіп жан-жаққа,
Гүлдей жайнап, көңілденіп жүресің.

Темірлан

Досым үшін жан берем,
Ол қадірлі жер-көкте.
Бірге жүріп сыр бөлісем,
Қамығамын ол жоқта.

Бағдарлама: WhatsApp форматындағы бөлім

Бүгінгі таңда жиі қолданылатын, адамдардың қарым-қатынас құралына айналған WhatsApp арқылы бағдарламамызды жалғастырамыз.

Бұл форматтың бір артықшылығы — балалардың артық сөйлеуіне және орынсыз жүріс-тұрысына тежем болып, тыныштықты сақтауға көмектеседі.

Алдарыңызда 1 «В» сыныбының ұлдары мен қыздары құрған топ. (Оқушылар екі топқа бөлініп отырады, әр топта ортақ планшет болады.)

Ата-ана туралы ой

Еркелетеді, бұзық болсақ та ұрыспайды — ата-ана.

«Отбасы туралы» заңда әр отбасыға өз ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Олай болса, баланың басты ұстазы — ата-ана екенін жадымызда ұстайық.

Баласымен бірге Әліппені оқып, төрт ай бойы мектепке жетектеп әкеліп-апарып жүрген ата-аналарға арналған оқушы ойы:

Балнұр

Анам екеуіміз
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.

Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Бірге ойланып есепке,
Қосып, кейде аламыз.

Бірге өсіп, толамыз,
Биіктерге қонамыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.


Толық нұсқасын жүктеу