Бүгінгі күн

Сабақ тақырыбы

Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау.

Сабақтың мақсаты

  • Өтілген материал бойынша оқушылардың білімін бекіту, ой-өрісін кеңейту.

  • Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру.

  • Ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге баулу.

  • Шапшаңдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, байланыс, көрнекілік

Әдісі

Сұрақ-жауап, талдау, өз бетінше жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Көрнекілігі

Ребус, жұмбақтар, математикалық сандықша.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Бүгін бізде тағы бір ерекше сабақ. Бұл сабақ сендердің білімдеріңмен ерекшеленеді. Ел тарихын тани отырып, математикалық есептер шығару арқылы білімімізді байқап көреміз.

Сұрақ: Бүгін оқушылар қандай болуы керек?

Жауап: Ізденгіш, ойшыл, талапты, тапқыр.

II. Психологиялық дайындық

1) Қызығушылықты ояту

Ребустың шешімін тап.

III. Жаңа сабақ: Білімді тиянақтау

1) Бүгінгі күн. Көркем жазу

1986 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 2016

2) Математикалық сандықша: «Сандар сөйлейді»

Тапсырма: Осы жылдары болған оқиғаларды білесің бе?

1986 жыл

1986 жылы қазақ жастары өз Отанын, жерін, ар-намысын қорғай алатынын көрсетіп, бейбіт шеруге шықты. Алғы сапта болған Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова сияқты ұл-қыздарымыз жас өмірін сарп етті. Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын қалады.

Тез есепте (№1)

51 × 4

24006 : 6

10000 : 250

12130 × 4

1991 жыл

16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Өрнектердің мәнін тап (№3)

2597 × 32 + 280448 : 56

2700 + 20124 : 387 − 509

700 + (11267 + 1522) : 203

8045 × 8

Тақтаға шығып есептер шығарылады, оқушылар бір-бірін тексереді.

Еліміздің басынан талай қилы кезең өтті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, келешек ұрпаққа арналған ұран:

«Тәуелсіздіктің Туы — білімді ұрпақтың қолында!»

«Тәуелсіздіктің қырандары» — 4-сыныпта кімдер? (Оқушылар жауап береді.)

1992–1997 жылдар: маңызды белестер

1992 жыл: Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды. Маусымда мемлекеттік рәміздер — Ту, Әнұран, Елтаңба қабылданды. Тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993 жыл (15 қараша): Ұлттық валюта — теңге айналымға енді.

1994 жыл: Алғашқы ордендер мен медальдар бекітілді. 30 маусымда ұшқыш Талғат Мұсабаев көкке көтерілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

1995 жыл (30 тамыз): Референдумда жаңа Ата Заң қабылданды.

1996 жыл: Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жыл: Тіл туралы заң қабылданды.

Есептер мен тапсырмалар

№4 (а) Есеп

Екі айлақтан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта теплоход пен моторлы қайық шықты. Теплоход 33 км/сағ, моторлы қайық 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі айлақтың арақашықтығын тап.

Кім жылдам?

№6 Өлшем бірліктерін түрлендір

8 т 2 ц = ? кг

60000 кг = ? ц

6 км 90 м = ? м

5 сағ 8 мин = ? мин

8 м 254 дм² = ? см²

72 сағ = ? тәул.

4) Сергіту: «Ойлы болсаң, озып көр»

Жұмбақтар

  1. Бұл қаланың басталды жыры жаңа, Қазақстан төрінен мұны қара. Бірінші буынында тамақ аты, екінші буынында ірі қара. Жауабы: Астана
  2. Жанқияр патриотқа тән қылығы, бұл жас жігіт өлмейді, мәңгі тірі. Оны ойласам келеді құлағыма әйгілі Желтоқсанның жаңғырығы. Жауабы: Қайрат Рысқұлбеков

Жалғасын тап

  • Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  • Отан — оттан да ыстық.
  • Отан — отбасынан басталады.

Мұғалім: «Балалар, сергіп алсақ, енді сабағымызды жалғастырайық».

6) Блиц-турнир

а) 1 т = ? кг

Жауабы: 1000 кг

ә) 7 күн = ? апта

Жауабы: 1 апта

б) 24 сағат = ? тәулік

Жауабы: 1 тәулік

в) Көлемнің өлшем бірлігі

Жауабы: куб (см³, м³)

д) Уақыт бірлігі

Жауабы: сағат

е) 1 ғасыр = ?

Жауабы: 100 жыл

ж) Тіктөртбұрыштың периметрі қалай табылады?

P = (a + b) × 2

з) 90° бұрыш қандай бұрыш?

Жауабы: тік бұрыш

7) 2016 жыл туралы

2016 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл. Бүгінгі сабақ осы мерейлі датаға арналып ұйымдастырылды.

8) Сабақты бекіту

«Егемендіктің көк Туы» кімнің қолында? (Қорытынды сұрақтар арқылы бекіту.)

9) Бағалау

Оқушылардың жұмысы орындалған тапсырмалар мен жауаптардың дәлдігіне қарай бағаланады.

10) Үй тапсырмасы

Өтілген тақырып бойынша көбейту және бөлу амалдарына арналған қосымша жаттығулар орындау.