Microsoft Word қандай редактор

Сабақ жоспары Практикалық жұмыс Microsoft Word

Сабақтың тақырыбы

Microsoft Word мәтіндік редакторында жалпылау сабағы

Сабақтың типі

Оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы

Сабақтың түрі

Практикалық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Сабақтың мақсаты

Microsoft Word мәтіндік редакторының әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • Microsoft Word мәтіндік редакторының әртүрлі мүмкіндіктерін қолдана білу.
  • Word-та алған білімді практикада қолдану дағдысын дамыту.
  • Компьютерлік сауаттылыққа, мәдениеттілікке және өз бетінше еңбек етуге тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар

Көрнекілігі

ДК, мультимедиа проекторы, карточкалар

Бағдарламалық қамсыздандыру

Microsoft Word

Фокус

Пішімдеу, кесте, автофигура, тест

Сабақтың барысы

Жалпы құрылым: ұйымдастыру → тексеру → тәжірибе → бекіту → қорытынды

I. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Өткен тақырып бойынша ауызша сұрақтар:

  • Microsoft Word қандай редактор?
  • Бұл бағдарламаның қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
  • Мәтін деген не?
  • Мәтінге қандай әрекеттер жасауға болады?
  • Пішімдеу деген не?
  • Кесте деген не?

Компьютерде орындалатын тапсырмалар

Алдын ала компьютерге енгізілген | 10 минут

Тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлауын, тапқырлығын және тақырып бойынша пішімдеу элементтерін қолдану деңгейін анықтауға бағытталған. Нәтижелері бағалау парағына енгізіледі.

Тапсырма 1. Мақал-мәтелдердің ұйқасын толықтыру

Көп нүктенің орнына берілген сөздер арасынан дұрыс сөздерді таңдап, «Қиып алу» құралымен тиісті орынға қойыңыз.

1-нұсқа

Мәтін (толықтыру)

  1. Білімнің ... — бейнет, ... — зейнет.
  2. ... айтпа, ... айт.
  3. Жердің сәні — ..., ердің сәні — ... .
  4. ... — алтын қазына.

Керекті сөздер

оқығаныңды, егін, білім, басы, кітап, соңы, тоқығаныңды

Дұрыс жауаптар

  1. Білімнің басы — бейнет, соңы — зейнет.
  2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
  3. Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім.
  4. Кітап — алтын қазына.

2-нұсқа

Мәтін (толықтыру)

  1. ... білім жоқ, ... күнің жоқ.
  2. Көп ... білмейді, көп ... біледі.
  3. Тіліңмен ..., біліммен ... .
  4. ... — білім бұлағы, ... — өнер шырағы.

Керекті сөздер

оқусыз, жүгірме, оқыған, білімсіз, оқу, білім, тоқыған, жүгір

Дұрыс жауаптар

  1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
  2. Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.
  3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
  4. Оқу — білім бұлағы, білім — өнер шырағы.

Тапсырма 2. Жұмбақ шешу және сурет салу

Жұмбақты шешіп, Microsoft Word редакторындағы графикалық мүмкіндіктерді (автофигураларды) пайдаланып, шыққан жауаптың суретін салыңыз.

1-нұсқа

Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.

Жауабы

Парта

2-нұсқа

Ағаштардың көркемі,
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен етіп тау-өлкені,
Кәусар ауа жұтады.

Жауабы

Шырша

Қысқа үзіліс: көзге арналған жаттығулар

Компьютермен жұмыс істейтін пайдаланушының ең әлсіз мүшелерінің бірі — көру мүшесі. Сондықтан келесі жаттығуларды орындаймыз:

  1. Көздің қарау бағытын өзгерту: сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра қозғалту.
  2. Басты кезекпен оңға және солға бұру.
  3. Саусақтарды жұдырыққа түйіп, кейін қол ұшын босаңсыту.

Деңгейлік тапсырмалар: кестелермен жұмыс

11 минут

Талқылау сұрақтары: кесте дегеніміз не, қатар және бағана ұғымдары нені білдіреді? Оқушылар өз мүмкіндігіне қарай тапсырма деңгейін таңдап орындайды.

1-деңгей

1-суреттегі кестені құрып, кестені біріктіру және кейбір ұяшықтарды жою арқылы 2-суреттегі нәтижені алыңыз.

Өлшемдерін оқушылар өздері таңдап, кестені қалай құрғанын қысқаша түсіндіреді.

2-деңгей

  1. 10×4 өлшемді кесте құрыңыз.
  2. Кестеге екі бағана қосыңыз.
  3. 8 және 9-қатарлардың арасына жаңа қатар қосыңыз.
  4. Кестедегі бірінші қатарды біріктіріңіз.
  5. Біріктірілген ұяшыққа: «Сынып жайлы мағлұмат» мәтінін енгізіңіз.
  6. 2-қатарға: нөмірі, аты-жөні, туған жылы, мекенжайы, телефон, ұнайтын пәні сөздерін енгізіңіз.
  7. Ең соңғы қатарды біріктіріп, сынып жетекшісінің аты-жөнін теріңіз.

3-деңгей

Төмендегі сөзжұмбақты құрастырып, шешімін табыңыз:

  1. Ішінде сақтай алатын компьютердің ең негізгі құрылғысы.
  2. Дыбыс шығару құрылғысы.
  3. Компьютер экраны басқаша қалай аталады?
  4. Негізгі бас мәзір ...
  5. Компьютерлердің бір-бірімен жалғайтын байланысы (орысша атауы).
  6. «Пуск» — негізгі бас ...
  7. Кілемше үстінде еркін жылжитын қосымша құрылғы.
  8. Баспаға шығару құрылғысы.
  9. Енгізу құрылғысы.

Сергіту ойыны

«Қай сөз артық?» (2 минут)

Сабақты бекіту: шағын тест

5 минут

Оқушылардан 2 нұсқада, 10 сұрақтан тұратын тест алынады.

Тест жұмысы: I-нұсқа

  1. 1) Microsoft Word дегеніміз не?

    • A) Windows басқаруымен автономды ДК-де жұмыс істеуге арналған реляциялық деректер базасын басқарудың үстелдік жүйесі
    • Б) Мәтіндік құжаттарды жасауға, көруге, түрлендіруге және қағазға басып шығаруға арналған Windows қосымшасы
    • В) Windows-та презентацияларды жасауға және редакциялауға арналған бағдарлама
  2. 2) Word-ты қалай іске қосамыз?

    • A) Пуск → Microsoft Word
    • Б) Программы → Стандартные → Microsoft Word
    • В) Пуск → Программы → Microsoft Word
  3. 3) Word-тағы саймандар тақтасы — бұл...

    • A) басқа бағдарламалардағы секілді командалардың жиынтығы
    • Б) Word орындай алатын іс-әрекеттердің тізімі
    • В) қызметіне қарай топтастырылған батырмалар мен тізімдер жиыны
  4. 4) Курсордың оң жағындағы символды қандай перне өшіреді?

    • A) Backspace
    • Б) Delete
    • В) Esc
  5. 5) Қазақша (орысша) регистрден ағылшын регистріне қалай ауысамыз?

    • A) Alt + Shift
    • Б) Ctrl + Shift
    • В) Екі Shift пернесін қатар басу
  6. 6) Кесте дегеніміз не?

    • A) Қатар мен бағанада реттелген ақпарат
    • Ә) Қатарлар тізімі
    • Б) Бағаналар тізімі
  7. 7) Кесте құру үшін...

    • A) Формат → Шекаралар және аймақтарды бояу
    • Ә) Кесте құру → Кесте
    • Б) Кесте → Кесте қосу
  8. 8) Ұяшықтарды біріктіру:

    • A) Ұяшықтарды ерекшелейміз, содан кейін Кесте → Ұяшықтарды біріктіру
    • Ә) Өңдеу → Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау
    • Б) Ұяшықтарды біріктіруді болдырмау
  9. 9) Ұяшықтарды бөлу:

    • A) «Ұяшықтарды бөлу» командасын орындаймыз
    • Ә) Кесте → Жол қосу
    • Б) Курсорды ұяшық ішіне қойып, Кесте → Ұяшықтарды бөлу командасын орындаймыз
  10. 10) Кестеге қатар қосу:

    • A) Кесте → Қатар қосу
    • Ә) Қою → Сурет
    • Б) Кесте → Бағана қосу

Тест жұмысы: II-нұсқа

  1. 1) Белгілі бір фрагментті қалай ерекшелейміз?

    • A) Тышқан батырмасын екі рет шерту арқылы
    • Б) Shift + Enter
    • В) Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қозғалту арқылы
  2. 2) Қай пернені басқанда курсор оңға қарай 8 орынға жылжиды?

    • A) Tab
    • Б) Enter
    • В) Alt
  3. 3) Мәтін жиегін қоршау, бетті қоршау, бояу әрекеттері қандай команданың көмегімен орындалады?

    • A) Формат → Шекаралар және бояу (Формат → Границы и заливки)
    • Б) «Рисование» тақтасындағы «Заливка» батырмасы
    • В) Формат → Фон
  4. 4) Құжат беттерін нөмірлеу қалай орындалады?

    • A) Түр → Колонтитулдар (Вид → Колонтитулы) командасынан кейінгі саймандар тақтасы арқылы
    • Б) Сыналап енгізу → Бет нөмірлері (Вставка → Номера страниц) командасы арқылы
    • В) Түр → Бет нөмірлері (Вид → Номера страниц) командасы арқылы
  5. 5) Мәтінді форматтау әрекеттері қолданылатын элементтер:

    • A) сөйлем, абзац, құжат
    • Б) кесте, графикалық объектілер, мәтін
    • В) әріп, сөз, сөйлем, абзац, құжат
  6. 6) Мәтінді форматтау іс-әрекеттері қандай командалардың көмегімен орындалады?

    • A) «Формат» командасының төменгі сатылы командалары арқылы
    • Б) саймандар тақтасы батырмалары және жанама мәзір командалары арқылы
    • В) «Формат» командасының төменгі сатылы командалары, саймандар тақтасы батырмалары және жанама мәзір командалары арқылы
  7. 7) Word мәтіндік редакторы қандай мәселені шешуге арналмаған?

    • A) Үлкен көлемдегі мәтіндік ақпаратты сақтау
    • Б) Құжаттарды көбейту
    • В) Экономикалық есептеулерді орындау
  8. 8) Құжатты құруда қаріптің қандай өлшемі қолданылады?

    • A) маңызды емес
    • Б) 12
    • В) 14
  9. 9) Кестенің негізгі элементі:

    • A) кесте
    • Ә) ұяшық
    • Б) бағана
  10. 10) Қандай батырманы басу арқылы қатар қосуға болады?

    • A) Enter
    • Ә) Shift
    • Б) Tab

Қорытынды бөлім

Сабақты қорыту

1 минут

Оқушыларды бағалау

2 минут

Үй тапсырмасы

§7, §8, 90-бет (2 минут)

Бұл сабақ Word мүмкіндіктерін (мәтінмен жұмыс, пішімдеу, кестелер, графикалық объектілер) тәжірибе арқылы бекітуге бағытталған. Оқушылар тапсырмалар арқылы өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытады және компьютерлік мәдениетін қалыптастырады.