Баласы неше жаста

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Тәуелсіз еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. Өркениеттің өзегі — білім мен ғылым, тәрбие десек, осының барлығының бастауы бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге аян.

Л. С. Выготскийдің негізгі тұжырымы

Көрнекті психолог Л. С. Выготский бала дамуының екі аймағы болатынын алғаш ұсынған:

  1. Бала дамуының жақын аймағы — баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын әрекеттері.
  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы — баланың үлкендердің көмегінсіз орындай алатын әрекеттері.

Баланың дамуы жақын аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Қол жеткен аймақ жақын аймақпен өзара әрекеттесе отырып, оны игерген кезде дамуға кең өріс ашады.

Осы теорияны негізге ала отырып, «Алтын ұрпақ!» атты 1-сыныптар арасында ұйымдастырылатын интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

Ойынға шақыру

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

Құрметті оқушылар, осы уақытқа дейін алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық. Ортаға үш топтың топ басшылары шығып, көздерін жұмып, түсті қағаздарды таңдайды. Қай түс бұйырса, сол түс — олардың тобы.

1-топ

Қызылдар

2-топ

Сарылар

3-топ

Көктер

Түстер нені білдіреді?

Бұл түстер неліктен таңдалды деп ойлайсыңдар? Ненің көзіне ұқсайды? Қане, бағдаршам көздерінің ретімен тұрайық.

Қызыл

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.

Сары

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.

Жасыл

Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.

Жарайсыңдар, балалар! Енді барлығымыз өз тобымызға жайғасайық.

Ойын форматы және әділқазылар

Бәйгеге түспей жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, тәлім-тәрбие табар ма? Бұл бәйге — ойдың және шапшаңдықтың бәйгесі. Кімнің ойы жүйрік болса, сол алда.

Ойын жарыс түрінде өтеді. Әділқазылар алқасы ойын барысын бағалап, ұпайларды кезең сайын жариялап отырады.

Ойын кезеңдері

  1. «Бәйге» — Ана тілі пәнінен ауызша сұрақтар.
  2. «Ең алғыр топ!» — Ана тілі пәнінен тапсырмалар (жұптық жұмыс).
  3. «Жорға» — Математика пәнінен ауызша есептер.
  4. «Кім жылдам?» — Өрнектер, теңдеулер, салыстыру тапсырмалары.
  5. «Сиқырлы қалам» — Дүниетану: еліміздің табиғатын бейнелеу.

Мұғалім: «Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік. Сөз кезегін бәйгеге біз берейік. Арамызда тапқыш достар көп екен — солардың енді жауаптарын көрейік!»

1-кезең: «Бәйге» (Ана тілі)

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сұрақтар топтамасы

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді? (ата)
  • «Қарлығаш» сөзінде неше буын бар?
  • Сөз неден құралады?
  • Шұбат қалай және неден жасалады?
  • Тоқтар Әубәкіров кім?

Сұрақтар топтамасы

  • Сөйлем аяқталғанда не қойылады?
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (ата)
  • «О» дыбысы жуан ба, жіңішке ме?
  • Бауыржан Момышұлы кім?
  • Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

Сұрақтар топтамасы

  • Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
  • «Жоғары» сөзінің қарама-қарсы сөзін айт.
  • Әбілхан Қастеев кім?
  • «Орман емшісі» деп қандай құсты атайды?
  • Әділқазылар топтардың ұпайларын жариялап отырады.

2-кезең: «Ең алғыр топ!» (жұптық жұмыс)

Әр топқа 3 тапсырмадан беріледі. Бұл кезеңде топ ішінен жұптар құрылып, тапсырмалар бірлесе орындалады.

Тапсырма A

  • Мәтін: ай, апа, дәптер, жол.
  • Сөз: Ақан мен Асан тау басына шықты.
  • Сөйлем: Әлемде алуан түрлі құстар бар. Олардың біразын су құстары дейді. Себебі олар көбінесе суда мекендейді.

Тапсырма Ә және B

  • Сұрақтардың жауаптарын сызықпен қосу: Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына тиісті сөздерді табу.
  • Әр малды өз төлімен сызық арқылы қосу.

Шабыт тасып, шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Жұмбақ шерді шашайық,
Ат салысып аянбай, бар өнерге басайық.

3-кезең: «Жорға» (Математика)

Бұл кезеңде математика пәнінен ауызша есептер орындалады.

Есептер 1

  • Ондықпен 100-ге дейін тура сана.
  • 50 мен 20 сандарының қосындысын тап.
  • Азайғыш 90, азайтқыш 70. Айырманың мәнін тап.
  • Әкесі 50 жаста, баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
  • Айгүлде 100 тг болды. Ол 40 тг-ге дәптер сатып алды. Айгүлде қанша теңге қалды?

Есептер 2

  • Ондықпен кері сана.
  • 40 пен 30-дың қосындысын тап.
  • Азайғыш 80, азайтқыш 10. Айырманың мәнін тап.
  • Жарысқа бір мектептен 30 бала қатысты, екінші мектептен 10 бала артық қатысты. Екінші мектептен неше бала қатысты?
  • Дүкенге 10 қорап алма, 20 қорап жүзім әкелінді. Барлығы неше қорап жеміс әкелінді?

Есептер 3

  • 9-дан кейінгі санды ата.
  • 30 бен 50-дің қосындысын тап.
  • Азайғыш 60, азайтқыш 20. Айырманың мәнін тап.
  • Жібек апа 5 кг шоколад, одан 4 кг артық қатты кәмпит сатып алды. Барлығы неше кг кәмпит алды?
  • Автотұрақта 50 машина тұр еді, тағы 10 машина келді. Барлығы неше машина болды?

4-кезең: «Кім жылдам?»

Бұл кезеңде өрнектер, теңдеулер және салыстыруға арналған тапсырмалар орындалады. Жылдамдық пен дәлдік қатар бағаланады.

5-кезең: «Сиқырлы қалам»

Дүниетану пәні бойынша оқушылар еліміздің табиғатын бейнелейді. Бұл тапсырма шығармашылықты, байқағыштықты және туған жерге сүйіспеншілікті көрсетеді.

Қорытынды

«Көп біріксе — ел болар, көп түкірсе — көл болар» демекші, құрметті оқушылар, бүгінгі интеллектуалды ойынға атсалысып, топ болып белсенді қатысқандарыңыз үшін көп рақмет!

Әділқазылар сөзі

Қорытынды ұпайлар жарияланып, жеңімпаздар анықталады.

Марапаттау

Оқушылар марапатталып, ең белсенді қатысушылар атап өтіледі.