Оқышы тағы, оқышы Омар һәйәмды

Мұқағали Мақатаев

Жаным - ай! Жабықтырма, жабықтырма,
Құмар ғып, көп нәрсеге зарықтырма,
Жырымнан тарықтырма, тарықтырма.
Жаным - ай, неткен қиын өмір деген!
Бүгін от, ертең менің көмір денем.
Қоршалған төрт құбылам темірменен,
Жаным - ай!
Менің шуақ күндерім - ай
Артымнан қандей - өсек үргенін - ай,
Қанденмен күресе алмай жүргенім - ай!
Meн десе
Күндіз - түні көз ілмейді,
Үреді де тұрады, безілдейді.
Жаным - ай!
Heгe сені сезінбейді?!
Адамдар бір жылы сөз қимағасын,
Жаным - ай!
Несіне сен қиналасың?
Жаным - ай,
Сыйламаса, сыйламасын
Бәрібір,
Бізді ішкіш деп жүр ғой,
Аяулым,
Ішіп қайталық,
Басына барып һәйәмнің.
Көземіз майға,
Кезіміз жасқа кенеліп,
Азан салайық:
- Оянғын, баба, оянғын.
Хан менен бектен,
Молда мен шонжар, күштіден,
Дейді ғой Сізді қиянат көріп ішті деп.
Оянғын, баба,
Отырайық бір кәйіп қып,
Біздің шараптар Сіздің майлардан күштірек.
Сіз көрген, баба,
Қиянаттарды көрмей біз,
Рақаттарды кешігі жүріп - ақ шөлдейміз,
Тірі пенденің тілін алмаймыз,, көнбейміз
Қоймайтын болдық,
Өзіңізге ұқсап өлмей біз.
Көрдіңіз қиянат, Көрмей - ақ біздер ішеміз.
Басымыздағы бақыттардан да күсеміз,
Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз.
Қайтеміз енді?
Ұлы бола алмай ішеміз
Бәрібір бізді,
Ішкіш деп жүр ғой, аяулым,
Көтеріп жібер,
Көңілің неден қаяулы?
He деген екен?
Несі бар осы заһәрдың?
Оқышы тағы, оқышы Омар һәйәмды.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Спандияр Көбеев
Педагогтық әдеп мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі
Жанашырлық пен мейірбандық
Мектепке дейiнгi мекемелеpде мүсiндеу өнеpiн қолдaну apқылы бaлaлapдың ұсaқ мотоpикaсын дaмытудың педaгогикaлық тиiмдi шapттapын теоpиялық тұpғыдaн негiздеу
Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды дамытуға ықпалы
Қазақша сөйлеу дағдыларды қалыптастыруға тән ерекшеліктер
Балалар өлеңдері
Дизайн және этнодизайн
Білім берудегі жаңа үрдістер
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
Қазмұнайгаз компаниясының тұрақты дамуы, компанияның болашақтағы табыстарының негізі
Табиғаттағы каучук.
Батыс соғыстағы мақсаты
Ішкі қатынастағы контейнер паркінің жұмысын есепке
Ерлер мен пірлер: «Төрт батырға» тағы бір үңілгенде
Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымы
Саясаттағы кіші топтар психологиясы
Батыстағы әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы.
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты