Тіл дамыту сұрақтары

Қазақ тілі • 4-сынып • Ашық сабақ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Бұл сабақ жоспары оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі — Елтаңбамен таныстыруға, рәміздердің маңызын түсіндіруге және Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасы

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Өткен тақырыпқа шолу

Бұған дейін Мемлекеттік Әнұран мен Мемлекеттік Туды қарастырдық. Енді сұрақ-жауап арқылы білімімізді нақтылаймыз.

Тіл дамытуға арналған сұрақтар

  1. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
    Жауабы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
  2. 2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?
    Жауабы: Нұрсұлтан Назарбаев.
  3. 3. Қазақстанның бас қаласын атаңдар.
    Жауабы: Астана.
  4. 4. Жаңа Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды?
    Жауабы: 2006 жылы 7 қаңтарда.
  5. 5. Тудың авторы кім?
    Жауабы: Шәкен Ниязбеков.
  6. 6. Қыран ненің белгісі?
    Жауабы: Қыран — бостандықтың белгісі.
  7. 7. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
    Жауабы: Ту, Елтаңба, Әнұран.

II. Жаңа сабақ: Мемлекеттік Елтаңба

Егемен еліміздің Елтаңбасынан кең-байтақ Отанымыздың тарихы, дәстүрі, салт-санасы және жасампаз рухы көрініс табады. Енді Елтаңбада бейнеленген негізгі элементтерге назар аударайық.

Елтаңбаның жүрегі — шаңырақ

Ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ — мемлекеттің түп негізі саналатын отбасының нышаны.

Уықтар — күн сәулесіндей

Шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей шашырап, бірлік пен берекені білдіреді.

Қанатты пырақтар

Екі қапталында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы — қазақ үшін қастерлі, жүйрік ат — еркіндік пен серпіннің белгісі.

Жұлдыз және жазу

Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу орналасқан.

Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы және Шота-Аман Уәлиханов.

Қысқаша анықтама (орыс тілінде)

Государственный Герб Республики Казахстан представляет собой изображение шанырака (купол юрты) на голубом фоне, от которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся уыки (опоры) в обрамлении крыльев мифических коней. В верхней части герба — пятиконечная звезда, в нижней части — надпись «Қазақстан». В цветном изображении герб выполнен в двух цветах: золото и голубой. Проект герба подготовлен архитектором Шотой Уалихановым в соавторстве с Жандарбеком Мәлібекұлы.

Тарихи дерек

1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Әнұран — бекітілді. ҚР Президентінің Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленген.

IV. Дәптермен жұмыс

А) Сөздікпен жұмыс

38-бетті ашып, жаңа сөздермен танысамыз. Мұғалім дауыстап оқиды (қазақша–орысша), оқушылар екі рет қайталайды, кейін тізбектей қайталайды.

Шаңырақ
купол юрты
Уық
подпорка для купола юрты
Күн сәулесіндей
подобно солнечным лучам
Қанатты пырақтар
мифические крылатые кони
Көмкерген
обрамляют
Жұлдыз
звезда

Ә) 38-бет, 1-жаттығу

Мәтінді оқып, тиісті жалғауларды таңдап жазыңыздар (қажетті жалғауды қосып, дәптерге көшіріңіздер).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңба (-нің, -ның) ортасында шаңырақ бейнеленген.
Шаңырақ (-ты, -ті) айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды.
Оның екі жағынан қанатты пырақтар көмкерген.
Елтаңба (-ның, -нің) жоғарғы жағы (-нда, -нде) жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағы (-нда, -нде) «Қазақстан» деген жазу бар.
Елтаңба (-ның, -нің) авторлары — Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібекұлы.

Б) 39-бет, 3-жаттығу

Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып жазыңыздар.

  • Государственный Герб — Мемлекеттік Елтаңба.
  • Изображён купол юрты — шаңырақ бейнеленген.
  • Расположена звезда — жұлдыз орналасқан.
  • Написано слово — жазу бар.
  • Авторы Государственного Герба — Елтаңбаның авторлары.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі!
(2 рет)

В) Сөзжұмбақ

Тақтадағы плакатта берілген сөзжұмбақты шешіңіздер.

  1. 1. Сказка
  2. 2. Государство
  3. 3. Орёл
  4. 4. Мир

Г) 39-бет, 5-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.

Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Құт-береке — шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.

V. Қорытындылау

Бүгін біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы жаңа тақырыпты меңгердік. Сабақ соңында төмендегі сұрақтар арқылы қорытынды жасаймыз.

  • Елтаңбаның авторлары кімдер?
  • Елтаңбада қандай белгілер бейнеленген?

VI. Бекіту: тест тапсырмасы

  1. 1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кім?

    • A) Талғат Мұсабаев
    • Ә) Нұрсұлтан Назарбаев
    • Б) Дариға Назарбаева
    • В) Сара Назарбаева
  2. 2. Қазақстан Туы мен Елтаңбасының түстері қандай?

    • A) көгілдір және алтын
    • Ә) алтын және жасыл
    • Б) ақ және көгілдір
    • В) көк және қызыл
  3. 3. Жаңа Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды?

    • A) 2002 жылы 5 қараша
    • Ә) 1991 жылы 16 желтоқсан
    • Б) 1999 жылы 1 желтоқсан
    • В) 2006 жылы 7 қаңтар
  4. 4. Мемлекеттік Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

    • A) жұлдыз
    • Ә) шаңырақ
    • Б) қанатты пырақтар
    • В) уық
  5. 5. «Шаңырақ» сөзі қалай аударылады?

    • A) подпорка для купола юрты
    • Ә) крылатые кони
    • Б) купол юрты
    • В) звезда

Бағалау критерийі

  • 5 дұрыс жауап — «5»
  • 4 дұрыс жауап — «4»
  • 3 дұрыс жауап — «3»
  • 1–2 дұрыс жауап — «2»

Тест тапсырмаларын орындағаннан кейін жұмыстарды алмастырып, бір-біріңді тексеріңдер. Дұрыс жауаптарды тақта арқылы салыстырып, бағалаңдар.

VII. Үй жұмысы

39-бет, 5-жаттығу: өлеңді жаттап келу.

VIII. Бағалау

Оқушылардың білімі жауаптарының толықтығы мен белсенділігіне қарай бағаланады.

Автор туралы

Павлодар облысы, Май ауданы, Майтүбек жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі — Қайрақбаева Алмагүл Базарбайқызы.