Күкірттің физикалық қасиеті

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы

Химия пәні мұғалімі: Асем Муханбеткалиева

«Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де, басқалар үшін де барлығын өзің істейсің. Ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қамықпа — қайтадан тырысып көр».

Д. И. Менделеев

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып
Химия, 9-сынып
Тақырып
Күкірт қышқылы және оның тұздары
Сабақтың типі
Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, тапсырмалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы және оның тұздары туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Теориялық білімді тиянақтау, логикалық ойлауды дамыту және күкірт қышқылының қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық тапсырмаларға баулу.

Тәрбиелік

Оқушыларды өз білімін бағалауға, бірлесіп жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Оқу құралдарының дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

  1. 1. VI топтың негізгі топшасында қандай элементтер орналасқан? Бұл топтың атауы қандай?
  2. 2. Күкірт атомының ең сыртқы электрондық деңгейшесінде неше валенттік электрон бар?
  3. 3. Гипстың формуласы қандай?
  4. 4. Күкірттің қандай аллотропиялық түрөзгерістерін білесіңдер?
  5. 5. Күкірттің физикалық қасиеттерін атаңдар.
  6. 6. Күкірт химиялық реакциялар кезінде қандай қасиет көрсетеді?
  7. 7. Күкіртсутек қалай алынады?
  8. 8. Күкірттің қышқылдық оксидтері нешеу?
  9. 9. Күкірт оксидтері қалай алынады?
  10. 10. Күкірт оксидтерінің қолданылуы қандай?

III. Жаңа тақырып (ой қозғау)

Бір кездері «химия патшалығында» Су ханшайымы мен алты валентті Күкірт ханзадасының отбасында сәби дүниеге келеді. Барлығы қуанып, мұрагер ұлды асыға күткен екен. Медбике көк лента таққанда бір сәтте абдырап қалады: дүниеге ұл емес, қыз бала келгені белгілі болады. Қыздың атын Қышқыл деп қойыпты, ал әкесінің аты — Күкірт.

Ендеше, балалар, қыздың «тегі» қалай аталар еді? Күкірт қышқылы.

Бүгінгі тақырыбымыз — «Күкірт қышқылы және оның тұздары». Күкірттің маңызды қосылыстарының бірі — күкірт қышқылы. Ол екі негізді және күшті қышқыл. Бұл қышқыл орта және қышқыл тұздар түзеді.

Физикалық қасиеттері

  • Концентрациялы күкірт қышқылы — түссіз, ұшпайтын, май тәріздес сұйықтық.
  • Суда жақсы ериді.
  • Тығыздығы: 1,84 г/см³.
  • Массалық үлесі: 98%.
  • Қайнау температурасы: 280°C.

Қауіпсіздік ережесі

Күкірт қышқылын сумен араластырғанда әрқашан қышқылды суға шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Өйткені қышқыл ауыр болғандықтан судың төменгі қабатына түсіп, бөлінген жылу біркелкі таралады.

Керісінше, суды қышқылға құйса, су жеңіл болғандықтан үстіңгі қабатта тез қызады да, буырқанған жылу әсерінен қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін.

Маңызды ерекшелігі: күкірт қышқылы — күшті су тартқыш (гигроскопиялық) зат.