Ата заң Ата заңым, Ата заңым - ардағым
Тақырыбы: Ата заңым – ардағым
Мақсаты
- Оқушылардың Ата заң туралы түсінігін кеңейту.
- Заңның өмірмен байланысын түсіндіру.
- Сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- Жүрекшелер.
- Отан және заң туралы мақал-мәтелдер жинақталған буклет.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Оқушылар, төмендегі өлең жолдарын мұқият тыңдаңыздар.
«Ата заң»
Ата заңым, Ата заңым — ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз
Әрбір бабың, тарауың, тармағың.
Алтын заңда — парасатым, пайымым,
Алтын заңда — күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жанымның.
Конституция туралы қысқаша мәлімет
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі екенін және өзінің егемендік құқығын айқындап, бекітті.
Содан бері 30 тамыз елімізде Конституция күні ретінде аталып өтеді.
Азаматтық міндет
Қазақстан мемлекетін қорғау — әрбір азаматтың қасиетті міндеті.
Заңды құрметтеу
Заңды сыйлау мен құрметтеу қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің негізі.
Құқық пен бостандық
Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
Оқушылардың өлең жолдары
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым — Отанымның түлегісің.
Іргесін туған елдің тіреп тұрған,
Қадірін Ата заңның білемісің?
Ешкім де мін таға алмас елдігіме,
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де.
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін,
Әрбір заң Ата заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол — халықтың да нық сенері.
Халқыма адалмын деп, Ата заңға
Елбасы қолын қойып ант береді!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Әнұран
- Сөзі
- Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов
- Әні
- Ш. Қалдаяқов
Әнұран мәтіні
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, менің!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы: