Қазақ хандығының алғаш тағына отырған Жәнібек хан
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Абай атындағы орта мектебі ММ
Тарих пәні мұғалімі: К. Мусаева
Мақсаты
- Қазақ хандығының құрылуы, тарихи маңызы, этникалық құрамы және көрші елдермен қарым-қатынасы туралы мағлұмат беру.
- Тарихи оқиғаларды оқып-үйрену, қорытынды жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және білімін тереңдету.
- Ел тарихына құрметпен қарауға, отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
Құралдар мен тәсілдер
- Көрнекілігі
- Слайдтар, Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнематериал, үлестірмелер
- Әдісі
- Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс
- Түрі
- Аралас сабақ
- Топтарға бөлу
- «Керей», «Жәнібек», «Қазақ хандығы»
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі: сынып 3 топқа бөлінеді («Керей», «Жәнібек», «Қазақ хандығы»).
- 2 Үй тапсырмасын үлестірмелер арқылы сұрау.
- 3 «Керей мен Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы» тақырыбында көрініс (Мұхаммедрасулах, Нұрсұлтан, Жалғас).
- 4 Бейнематериал көру.
- 5 Жаңа сабақты меңгерту.
Жаңа сабақ жоспары
Негізгі тірек ұғымдар мен бағыттар
1) Негізін салушылар
Қазақ хандығының негізін қалаған тұлғалар — Керей мен Жәнібек сұлтандар.
2) Этникалық құрамы мен аумағы
Тайпалардың тарихи-географиялық кеңістіктегі орны, өзара жақындығы және біртұтас этникалық негіздің қалыптасуы.
3) Көршілермен байланыс
Алғашқы дипломатиялық және саяси қатынастар: Моғол хандығы және қырғыздар.
Қазақ хандығының құрылуы: тарихи желі
Қазақ хандығының іргесін нығайтып, күш-қуатын арттыру және оны дербес мемлекетке айналдыру — билеуші топтардың мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тайпалардың басым көпшілігі XV ғасырдың 40–50 жылдарының өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтаса бастады.
Маңызды дерек
Тарихшы М. Х. Дулати Керей мен Жәнібектің Жетісуға келуін 1465–1466 жылдар деп көрсетеді.
Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, 1465–1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Хандықтың алғашқы алып жатқан жері Қозыбасы мен Шу өңірі болды.
XIV–XV ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең-байтақ даланы қоныстанды. Даланың негізгі тұрғындары — үйсін, қыпшақ, маңғыт, керей және басқа да тайпалар. Олар экономикалық әрі әлеуметтік-мәдени жағынан бір-біріне жақын, өзара үйлескен этникалық топтар еді.
Қазақ хандығы алғашқы қарым-қатынас орнатқан елдердің бірі — Моғол хандығы. Сондай-ақ қырғыздармен де тату, достық қатынас сақталды.
Сергіту сәті: «Иә» немесе «Жоқ»
Қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың этникалық және саяси жағынан топтасуы күшейе түсті.
Жауабы: Иә
Қазақ хандығының алғаш тағына отырған — Жәнібек хан.
Жауабы: Жоқ
Ойын: «Тарихи домино»
Тірек сөздерді ретімен қойып, оқиғалардың логикалық тізбегін құрастыру.
Бекіту сұрақтары
Сұрақ 1
Сұлтандардың Жетісуға қарай көшудегі мақсаты неде?
Сұрақ 2
Хандықтың этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды?
Сұрақ 3
Қазақ хандығының алғаш қарым-қатынас жасаған елі қайсы?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- Тақырыпты оқу.
- «Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезде дүниежүзі елдерімен байланысы» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.