Қозғалыс траекториясы - дененің қозғалыс кезіндегі сызық түрінде қалдырған ізі

Оқу мақсаттары

Бұл сабақ оқушылардың механикалық қозғалысты түсінуін тереңдетіп, бірқалыпты және бірқалыпсыз түзусызықты қозғалысты ажырату дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

7.2.1.2

Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру.

7.2.1.3

Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу.

Сабақтың мақсаты

Барлығы

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстың негізгі мағынасын біледі.

Көпшілігі

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты саралап ажыратады және есеп шығаруда қолданады.

Кейбіреуі

Өмірдегі қозғалыстарға өздігінше мысалдар келтіре алады.

Бағалау

Әр тапсырманың орындалуы бойынша дескрипторлар арқылы жиынтық балл бағаға айналдырылады.

Ескерту

Бағалау шкаласы төменде берілген

Жиынтық балл Баға
44–35 5
34–29 4
28–23 3
21–15 2

Тілдік мақсаттар және терминология

Оқушылар төмендегі пәндік терминдерді дұрыс қолданып, негізгі анықтамаларды түсіндіре алады.

Негізгі анықтамалар

Механикалық қозғалыс
Дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі.
Материялық нүкте
Қозғалыс қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін елемеуге болатын дене.
Қозғалыс траекториясы
Дененің қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.
Жол
Дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.
Орын ауыстыру
Дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын бағытталған кесінді.

Өлшемдер мен қозғалыс түрлері

Санақ жүйесі
Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі және сағат.
Жылдамдық
Дененің берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруы.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс
Дене кез келген тең уақыт аралығында бірдей қашықтық (жол) жүріп өтсе.
Бірқалыпсыз түзусызықты қозғалыс
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі қашықтық (жол) жүріп өтсе.

Құндылықтарға баулу

Негізгі бағыттар

  • Оқушыларды ойлау жұмысына ынталандыру және белсенді әрекетке жұмылдыру.
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
  • Қарым-қатынас дағдылары арқылы өздігінен жұмыс жасауға бағыттау.
  • Іздену қабілеттерін арттыру.

Алдыңғы білім

Оқушылар санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол және орын ауыстыру ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіре алады және сипаттай алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

13 минут

Ұйымдастыру, мақсат қою және алдыңғы білімді өзектендіру.

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

  2. 2

    Сабақ мақсатын айқындау

    Оқу мақсаттарына сүйене отырып күтілетін нәтижелерді нақтылау.

  3. 3

    «БББ» кестесі арқылы білімді өзектендіру

    Әр оқушы бірнеше минут ішінде тақырып бойынша білетіндерін тірек сөздермен «Білемін» бағанына жазады (жеке жұмыс).

  4. 4

    Үй тапсырмасын пысықтау (тест)

    Оқушылар тест тапсырмасын орындайды (7 минут). Соңында дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді. Дұрыс жауаптар тақтада слайд арқылы көрсетіледі.

    Тест жауаптары

    1б, 2б, 3б, 4а, 5б, 6ә, 7ә, 8а, 9ә, 10а

  5. 5

    Тақырыпты ашу (бейнематериал)

    Қысқа видео көрсетіліп, «Не байқадыңдар? Ортақ қасиеті қандай? Айырмашылығы неде?» деген сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады (3 минут).

Сабақтың ортасы

25 минут

Топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс және ұғымдарды жүйелеу.

Топтастыру

Оқушылар «Жылдамдық», «Орын ауыстыру», «Уақыт», «Бірқалыпты қозғалыс», «Бірқалыпсыз қозғалыс» сөздерін ретімен айтып, топтарға бөлінеді.

Мақсат

Ойлау белсенділігін арттыру

Нәтиже

Белсенді әрекетке жұмылдыру

Мәтінмен жұмыс және кластер қорғау

Оқушылар мәтінді 5 минут оқып, берілген тапсырмалар бойынша кластер дайындайды және қорғайды.

Тақырып:

«Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар»

Ескерту

Қажет болған жағдайда сабақ материалын электронды нұсқада жүктеп, қосымша тапсырмалармен толықтыруға болады.