Нүктелерді координаталарымен жазындар
Сабақтың тақырыбы
Координаталары бойынша нүктені салуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты
- Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйрету және есеп шығару арқылы білімдерін жетілдіру.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс жасау, іздену және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың кезеңдері
I. Ұйымдастыру
Сабақтағы ұстанымымыз:
Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы — ең жақсысы; ұқсау жолы — ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы — ең жауаптысы.
Ендеше, сабақ барысында әрқайсымыз өзіміз таңдаған жолмен жүйелі жұмыс жасайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
№1134
1) Нүктелер
- A(2; 1)
- B(2; 4)
- C(2; −3)
2) Нүктелер
- D(−4; 4)
- F(1; 4)
- E(3; 4)
Оқушыларды математикалық фигуралар арқылы екі топқа бөлу.
III. Шығармашылық кезең
- Рене Декарт туралы оқушылардың пікірлері.
- Оқушылардың координаталық жазықтықта салған суреттері.
IV. Графиктік диктант
Дұрыс тұжырымға (+), бұрыс тұжырымға (−) белгісін қойып, графиктік жауап береміз.
- Тік бұрышты координаталар жүйесі француз философы әрі математигі Рене Декарттың құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп аталады.
- Түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы берілген түзуге бірнеше параллель түзу жүргізуге болады.
- Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық координаталық жазықтық деп аталады.
- Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда олар өзара параллель болады.
- Берілген нүктенің абсциссасы мен ординатасы нүктенің координаталары деп аталады.
- Берілген нүктеден түзуге бірнеше перпендикуляр түсіруге болады.
- Координаталық жазықтық үш ширектен тұрады.
- Нүктенің жазықтықтағы орны сандар жұбымен анықталады.
- Қиылысатын екі түзудің ортақ екі нүктесі болады.
- Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесі координаталар басы деп аталады.
V. «Орным қайда?»
Терминдер
- Горизонталь жүргізілген координаталық түзу — абсциссалар осі.
- Вертикаль жүргізілген координаталық түзу — ординаталар осі.
- График бойынша анықта.
- Нүктелерді координаталарымен жазыңдар.
Нүктелер
VI. Оқулықпен жұмыс
№1136
-
1) Координаталық жазықтықта төбелерінің координаталары бойынша:
- а) Үшбұрыш салыңдар: A(−3; −1), B(2; 4), C(6; −2).
- ә) Тік төртбұрыш салыңдар: A(−2; −2), B(−2; 1), C(4; 1), D(4; −2).
№1137
Координаталық жазықтықтағы ABCD квадратының үш төбесі берілген: A(−3; 2), B(−3; −2), C(1; 2). Төртінші төбе D-ның координаталарын тауып, квадрат салыңдар.
№1142
- Координаталық жазықтықта ABCD тік төртбұрышының A(−2; −2), B(−2; 2) және C(4; 2) төбелері берілген. D төбесінің координаталарын анықтаңдар.
- Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеңдер. Бірлік кесінді 1 см-ге тең.
VII. Тест тапсырмалары
- Қай түзулер қиылыспайды?
-
Дұрыс сөйлемді таңдаңдар.
- а) Перпендикуляр түзулердің ортақ нүктелері жоқ.
- ә) Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу параллель деп аталады.
- б) Шеңбердің екі симметрия осі бар.
- в) Абсциссалары оң нүктелер екінші ширекте орналасады.
-
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 100°. Қалған бұрыштарды табыңдар.
- а) 40°, 160°, 40°
- ә) 40°, 140°, 140°
- б) 100°, 80°, 80°
- в) 50°, 90°, 100°
-
C(−5; 4) және D(−4; −5) нүктелері координаталық жазықтықтың қай ширектерінде орналасқан?
- а) I, II
- ә) II, III
- б) II, I
- в) I, III
-
MNDC тіктөртбұрышының параллель қабырғаларын жазыңдар.
- а) MN және NC
- ә) NC және CD
- б) MN және CD
- в) NC және MD
-
a түзуі m түзуіне параллель, m түзуі n түзуіне параллель. Онда a және n түзулері:
- а) қиылысады
- ә) қиылыспайды
- б) перпендикуляр
- в) параллель
-
ABCD тіктөртбұрышының ауданын және периметрін табыңдар, егер A(−3; −2), B(−3; 1), C(5; 1), D(5; −2) болса.
- а) 24; 22
- ә) 20; 21
- б) 14; 12
- в) 20; 24
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі.