Жазу тобы
Сабақ тақырыбы: «Өзендер». Бас әріппен жазылатын сөздер
Бұл сабақта оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға жаттығады, Қазақстандағы өзен атауларымен танысады және бас әріппен жазылатын сөздер туралы білімін кеңейтеді.
Сабақтың мақсаты
- Өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру.
- Қазақстандағы өзен атауларымен таныстыру.
- Жазу дағдыларын жетілдіру.
- Бас әріппен жазылатын сөздер туралы ұғымды кеңейту.
Оқыту нәтижелері
- Өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқиды.
- Қазақстандағы өзен атауларын ажырата алады.
- Сауатты жазуға жаттығады.
- Бас әріппен жазылатын сөздерді дұрыс қолданады.
Негізгі дереккөздер
- Оқулық
- Суреттер
- Күлімдейтін смайликтер (көңіл күй карталары)
- Интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдер
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, бейнелеу өнері
Сабақ барысы
Төменде сабақ кезеңдері мұғалім әрекеттерімен және оқушы жұмысының түрлерімен бірге берілген.
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут- 1.Оқушылармен амандасу.
- 2.Оқушыларды түгендеу.
- 3.Оқу құралдарын дайындатып, зейінді сабаққа аударту.
- 4.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (өлең жолдары):
Күн нұрындай көңілім,
Жүрегім толы мейірім,
Даламдай кең пейілім.
Бәріне ортақ шуағым,
Қайырымды баламын. - 5.Жануарлардың суреттері арқылы оқушыларды 5 топқа бөлу.
II. Өткенді пысықтау (білу және түсіну)
16 минут1) Ой шақыру
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?
- Көктемнің шуақты күніндей көтеріңкі көңіл күймен сабақты бастаймыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру: «Бәсіре»
- Мәтінді бөліктерге бөліп, тізбектей оқу.
- «Ыстық орындық»: бір оқушы орындыққа отырып, сыныптастарының сұрақтарына жауап береді.
- Қосымша сұрақ: Қазақтың тағы қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
3) Миға шабуыл
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді оқы:
Талқылау: Бұл сөздер неліктен бас әріппен жазылады?
4) Ой қозғау: топтық тапсырмалар
1-топ
«Кім? кімдер?» және «не? нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді салыстыр (Венн диаграммасы).
2-топ
Кісі аттарын жаз.
3-топ
Қала аттарын жаз.
4-топ
Өзен-көл аттарын жаз.
5-топ
Үй жануарларының аттарын жаз.
5) Сөздік диктант
Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Арыс, Есіл, Талас, Зайсан, Балқаш.
III. Жаңа сабақ (қолдану және талдау)
12 минут1) Жаңа сабақты хабарлау
Бүгін біз «Өзендер» тақырыбы арқылы жалқы есімдердің, әсіресе жер-су атауларының бас әріппен жазылуын бекітеміз.
2) Кіріспе әңгіме
- Суреттегінің қайсысы өзен, қайсысы көл?
- Өзен мен көлдің айырмашылығы неде?
- Қандай өзендер мен көлдерді білесіңдер?
- Өлең авторы: Оразақын Асқар.
3) Оқулықпен жұмыс: өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Өлеңді 1 шумақтан 4 оқушы кезектесіп оқиды.
Оқу тобы
Өлеңді 1 шумақтан мәнерлеп оқу.
Жазу тобы
Өлеңнен өзен атауларын теріп жазу.
Зерттеушілер
Өзен мен көлдің пайдасы туралы ой қорыту.
Өнер тобы
«Сулы жер – нулы жер» тақырыбына сурет салып, әңгімелеу.
Ғылым тобы
«Су – тіршілік көзі» тақырыбына қысқа эссе жазу.
Сергіту сәті
1 минутӨлең оқып, қимыл-қозғалыс жасау.
Дәптермен жұмыс: 235-жаттығу
Сызбада берілген әріптерден басталатын жер-су атауларын атау.
Оқу тобы — «Қ»
Қарағанды, Қызылорда, Қаратау, Қазығұрт.
Жазу тобы — «С»
Сырдария, Сарыарқа, Семей, Сарыағаш.
Зерттеушілер — «Т»
Талдықорған, Тарбағатай, Торғай, Тараз.
Өнер тобы — «А»
Астана, Алматы, Арыс, Алатау.
Ғылым тобы — «Ж»
Жезқазған, Жайық, Жем, Жамбыл облысы, Жетісай.
IV. Сабақты қорыту (жинақтау)
6 минут1) «Не үйрендік? Не білдік?»
Оқу тобы
Тиісті әріптерді қойып, жасырылған өзен атауларын табу.
Жазу тобы
Сәйкестендіру картасы: өзен мен көл атауларын ажыратып, сызықпен қосу (Ертіс, Балқаш, Алакөл, Сырдария, Есіл, Зайсан).
Өнер тобы
Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, түсіндіру: (раушан, Раушан) — «Бақта … гүлі өсіп тұр. Бүгін … кезекшілік атқарды.»
Ғылым тобы
Қатені тап: балқаш, Шымкент, сиыр, ертіс, Өзен, Ақтөс.
Зерттеушілер
Қандай сөздер бас әріппен жазылады? Мысал келтіру.
V. Бағалау
1 минут- Формативті бағалау.
- Сұрақ: Бүгінгі алған біліміңді өмірде қалай пайдаланасың?
VI. Рефлексия
1 минут- Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
- Сабақ ұнады ма?
- Қай тапсырма қиын болды?
VII. Үй тапсырмасы және дерек
Үй тапсырмасы
Мұғалімнің нұсқауына сәйкес оқулық бойынша тапсырмаларды орындау және бас әріппен жазылатын сөздерге мысалдар жинақтау.
Автор туралы мәлімет
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Нурбекова Ботагөз.