Шығыс Қазақстан тобы, ортаға келіңіздер

Іс-шара туралы

Интеллектуалды сайыс 8–9 сынып оқушылары арасында өткізілді. Іс-шара жаратылыстану ғылымдары пәндерінің апталығы аясында ұйымдастырылып, «Табиғаты аса көркем, Қазақстан — туған өлкем» тақырыбына арналды.

Мақсаты

  • Ұлан-байтақ еліміздің сан қырлы табиғаты туралы білімді қалыптастыру және тереңдету.
  • Оқушыларды туған жерге деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  • Географиядан алған білімді өмірлік жағдаяттарда қолдана білуге үйрету.
  • Оқушылардың интеллектуалдық белсенділігін арттыру.

Қатысушылар мен көрнекіліктер

Қатысушылар

8–9 сынып оқушылары

Көрнекіліктер

Музыка, Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелі материалдар

Ойынның құрылымы (6 тур)

Басталуы

  1. 1 Топтарды ортаға шақыру.
  2. 2 Топтардың таныстыруы.
  3. 3 Төсбелгілерін және қабырға газеттерін қорғау.

Шығармашылық бөлім

  1. 4 Қазақстан, туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу, ән айту.
  2. 5 Жер-су атаулары туралы аңыз, әңгіме, ертегілер.

Білім сайысы

  1. 6 Викториналық сұрақтар және «адасқан атауларды» сәйкестендіру.
  2. Жүлдегерлерді анықтау.
  3. Кешті қорытындылау.

Жүргізуші сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді жаратылыстану ғылымдары пәндерінің апталығы аясында өткізілетін «Табиғаты аса көркем, Қазақстан — туған өлкем» атты интеллектуалды ойынымыздың ашылуымен құттықтаймын. Қош келдіңіздер!

Бүгін мектебіміздің 8–9 сынып оқушылары өз білімдерін сынауға жиналды. Ойынымыз 6 турдан тұрады және таныстыру, шығармашылық тапсырмалар, аңыз-әңгімелер, викториналық сұрақтар мен сәйкестендіру кезеңдерін қамтиды.

Әділқазылар алқасы

  • Мектебіміздің ғылыми істер жөніндегі орынбасары: ...
  • Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: ...
  • 11 сынып оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер: ...

Туған өлке туралы жыр шумақтары

Қаратау, Алатауым — сүйенішім, Елімнің еңсесісің, иінісің. Ұлытау — ұлы дала құдіреті, Көкшетау — көзі жауһар киігімсің. Қызылжар — мұңды мезгіл өткенімсің, Арқалық — қазағымның текті елісің. Кенді өлке Қарағанды — байлығымсың, Қостанай — Ыбырайдың мектебісің. Өршітіп өр Алматы намысымды, Найзаның Желтоқсанда сағы сынған. Тірліктің Талдықорған бағы сынды, Дәм-тұзын Жетісудың тағы ұсынған.

Топтарды таныстыруға шақыру

Батыс Қазақстан тобы

Батысында елімнің, Байлығы мол бір жер бар. Балыққа бай Каспийі, Мұнай, газ, никелі Қойнауынан табылар. Сол аймақтан келіпті Біздің жаққа ұл-қызы. Туған жері бұлардың — Мақтан тұтар жұлдызы. Ал тыңдайық, кәнеки, Ортаға кел, қонақтар! Не жаңалық өлкеңде, Қане, бәрін айтыңдар!

Ортаға шақырылады

Солтүстік Қазақстан тобы

Астықты өлке атанған, Мақтан тұтар жері бар. Сол жақтан бүгін келіпті Жүздесуге ұландар. Жерін бізге айтқанда, Көкше еске оралар. Темір, көмір, алтынды Кеншілері мол алар. Алыс жақтан келіпсің, Ортаға шық, бауырлар. Жерлеріңді айтыңдар, Біз білмейтін нелер бар?

Ортаға шақырылады

Шығыс Қазақстан тобы

Баяу жылжып ағады Суы мол Ертіс өзені. Ортамызға келіңдер, Кенді Алтай өрені. Шығысында Қазақтың Қорған тұтар елі бар. Алтын, мырыш, күміске Қойны толған жері бар. Ауасы таза, жері бай — Мақтан тұтар жер еді. Жерін мақтап, ардақтар Ұл-қыздарға кез келді.

Ортаға шақырылады

Қорытынды

Бұл интеллектуалды ойын оқушылардың географиялық білімін жүйелеп, туған өлкені тануға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталды.