Ана тобы
Ақтөбе қаласы · Россовхоз орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Музыка, еңбекке баулу, дүниетану
Тақырып
«Қанат туралы хикая» — Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты
Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» өлеңіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру; оқушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігін тереңдетіп, шығармашылық және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Білімділік
Ата-ана мен бала арасындағы махаббатты түсіндіру; бала үшін ең жақын, ең қасиетті жан — өз ата-анасы екенін ұғындыру.
Дамытушылық
Шығармашылық жұмысқа баулу, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, өз ойын еркін әрі дәл жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік
Үлкенді сыйлау, ата-ананы сүю және құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
- Жинақтау, топтау
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік әдісі
- Тренинг әдісі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу
- I топ: Ана
- II топ: Әке
- III топ: Бала
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Ана» тобы: Б. Бұлқышевтің «Ана» мәтінін жатқа айту.
- «Әке» тобы: ана туралы мақал-мәтелдер айту.
- «Бала» тобы: ана туралы эссе жазу.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
«Бұл кім?» ойыны арқылы оқушылардың ойлауын белсендіру және тақырыпқа бағыттау.
Үйдегі алтын қазық. Ол ақылды болса, бала дана болады. Оның тәрбиесі — қызға үлгі. Ол жоқты бар, ашты тоқ ететін, үйдің берекесі. Жазушы да, ғалым да, көсем де, әнші мен биші де сол адамнан туып, соның мейірімінен нәр алып өседі. Бұл кім?
Жауабы: Ана
Әркімнің сүйенер тіреуі, әркімге қымбат адам. Оны ардақтай білу керек, өйткені ол — отбасының тірегі, отағасы. Әкенің де мінезі әртүрлі: бірі білімді, бірі жігерлі, қайратты, батыл. Бұл кім?
Жауабы: Әке
Осы екі адамды біз бір сөзбен қалай атаймыз?
Жауабы: Ата-ана
Ассоциация құру: Ана · Әке · Бала. Құс қанатын мысалға ала отырып, «қанат» ұғымын отбасы мейірімі мен тірек болу қасиетімен байланыстыру.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қанат туралы хикая» (Ф. Оңғарсынова).
Автор туралы
Фариза Оңғарсынова (1939–2014) — қазақтың көрнекті, дарынды ақыны. Атырау облысы, Исатай ауданында дүниеге келген. Лирикалық өлең кітаптарының авторы. Шығармаларының қатарында «Сандуғаш» (алғашқы өлеңдер жинағы), «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын» поэмалары бар. 2014 жылдың 23 қаңтарында өмірден өтті.
Дәптермен жұмыс
Хикая — сюжетке құрылған оқиға желісі бар прозалық шығарма; әдеби жанрдың бір түрі.
Топтық жұмыс
I топ — «Ана»
- Өлеңді тізбектей оқу.
- Берілген шумақты мұқият оқып, ұнамаған сөздің астын сызу және неліктен ұнамағанын дәлелдеу. Қиындық туындаса, көршімен пікір алмасу.
- Мақсат: өлеңдегі ауыр ұғымды байқату және оны болдырмаудың бір жолы — ата-ананың амандығын қадірлеу екенін түсіндіру.
II топ — «Әке»
Өлеңнің мазмұнын әңгімелеу, негізгі ойды анықтау.
III топ — «Бала»
Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазу (екінші жолын толықтыру).
Шығармашылық тапсырмалар
I топ — «Ана»
«Ойымнан туған өрнектер» — ұйқас бойынша өлең құрастыру.
1) ..................................... боламын
2) ..................................... аламын
3) .....................................
4) ..................................... ата-ананың
II топ — «Әке»
«Бала» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
III топ — «Бала»
«Ана» сөзіне ребус құрастыру.
Сабақты бекіту
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса».
«Тілек алақаны» тапсырмасы
- Оң қолыңды қағазға қойып, сұлбасын түсір. Ішіне «Анама тілек» деп жаз.
- Сол қолыңды қағазға қойып, сұлбасын түсір. Ішіне «Әкеме тілек» деп жаз.
Бұл — ата-анаңа қуаныш сыйлаудың қарапайым әрі жүректен шығатын дәлелі.
Ән:
«Қос шынарым»
Үй тапсырмасы
- Өлеңді жаттау.
- Бағалау (мұғалімнің қорытындысы).