Бүгін менің досымның туған күні
Сабақ тақырыбы: «Досымның туған күні» (3-сынып)
Бұл сабақта оқушылар «Досымның туған күні» тақырыбы аясында сұрақтарға жауап беріп, «Ойлан – жұптас – топтас» стратегиясы бойынша жұмыс істейді, мәтінді мәнерлеп әрі түсініп оқиды, сондай-ақ жеке сөздер, сызбалар мен суреттерге сүйеніп сөйлемдерді дұрыс құрастырады.
SMART мақсаттар
- Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
- «Ойлан – жұптас – топтас» стратегиясы арқылы тапсырмаларды орындау.
- Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
- Жеке сөздер, сызбалар және суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Күтілетін нәтиже
Барлығы:
Мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.
Көпшілігі (A, B):
Өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен және топпен жұмыс істей алады.
Кейбіреуі (A):
Топты басқарып, B және C топтарындағы оқушыларға ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойын толық жеткізеді.
Сабақ барысы
Басталуы: қызығушылықты ояту
5 минут
Сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз:
- Досыңның туған күні қашан?
- Досыңа не сыйлайсың?
- Досың қандай сыйлықты ұнатады?
- Досың қандай адам? Қандай қасиеттерін ұнатасың?
1-тапсырма: жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін құрастырыңдар. Осы сөздерді пайдаланып, сабақтың тақырыбын анықтайық.
Қонақ
гость
Сыныптас
одноклассник
Көрші
сосед
Дайындадым
приготовил
Тұрады
живет
Ортасы: мағынаны тану
20 минут
2-тапсырма (I топ)
121-бет. Толықтырып жаз. Сөз тіркесі мен сөйлем құра.
- Бұл кімнің туған күні?
- Әкесі не сыйлады?
- Анасы не сыйлады?
- Әпкесі не берді?
- Інісі не берді?
2-тапсырма (II топ)
Әңгімені оқып, басқа топтарға түсіндір.
Менің досымның аты — Дархан. Ол үшінші сыныпта оқиды. Бүгін менің досымның туған күні. Ол 18 наурызда туған. Мен досыма кішкентай сыйлық дайындадым. Мен досымды туған күнімен құттықтаймын.
3-тапсырма (III топ)
Диалогті аудар.
— Сәлем, Марат!
— Сәлем, Вадим!
— Бүгін қай күн?
— Бүгін 3 мамыр.
— Сен қайда барасың?
— Мен қонаққа барамын.
— Кімге қонаққа барасың?
— Кіммен барасың?
— Досыммен.
— Сен не сыйлайсың?
— Мен кітап сыйлаймын.
Мұғалім: Есмағанбетова Қ. Ә.
«Досымның туған күні»