Қош келдіңіз Аяз ата
Кіріспе: мерекенің басталуы
Жаңа жылдық шырша жанында музыка ойнап тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар!
Бүгін бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған «Жаңа жылдық шыршада» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы мерекеге жиналған баршаңыздың үміттеріңіз ақталып, әр отбасына жаңалық пен береке келсін, арман-тілектеріңіз орындалсын!
Ресми ашылу
Кешімізді ашу үшін алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорына береміз.
Жүргізушілердің өлең жолдары
2-жүргізуші:
Мерекеміз — Жаңа жыл,
Тойымыз — қызық думан бұл.
Жаңа жыл — бұл жаңа өмір,
Сайранда туыс-туғандар.
1-жүргізуші:
Ал, халайық, халайық!
Ескі жылдай аға бар.
Оны ортаға алайық,
Бірге билеп, ән салайық!
Кештің бағдарламасы
- Оқушылардың «Жаңа жыл» әні.
- Көрініс: қояндар мен ұлу.
- Аяз ата мен Ақшақарды шақыру, құттықтау, өнерлер.
- Би, хор, әндер, тақпақтар және қорытынды сөз.
Көрініс: қояндар мен ұлу
Ортаға 1-топ қояндар шығады. Олар Аяз атаның тапсырмасын ұмытып қалғанына алаңдайды.
1-қоян
Бауырларым-ау! Біз не бүлдірдік? Аяз ата бізді балаларға жіберіп еді ғой…
Қасқырдан қашамыз деп қорыққанымыздан ұмытып қалдық-ау…
2-қоян
Иә, бірақ тапсырманы ұмытып қалдық қой. Аяз ата бізге ренжіп қалмай ма?
3-қоян
Енді не істейміз?
Ұлудың жұбату сөзі
Ұлу: Уайымдамаңдар! Қараңдаршы, қанша дос бар сендерде. Қорықпаңдар, қасқыр сендерді бүгін ренжіте қоймас. Қазір сендерге Аяз ата қандай тапсырма бергенін еске түсіруге көмектесеміз. Солай ма, балалар?
Қояндар: Рахмет, балалар!
Ортақ би және ән
Барлығы қол ұстасып би билейді (музыка ойнайды). Балалар шыршаны айналып, ән айтады: «Аппақ, аппақ».
Жүргізушілердің жалғасы
2-жүргізуші:
Ит жылына ризамыз,
Өсе түсті бойымыз.
Қаншама сырға қанықтық,
Шарықтады ойымыз!
Қояндардың тілегі
1-қоян:
Шырша тойы құтты болсын, ағайын!
Жыр тойында би билеп, ән салайық.
Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,
Езу жимай бірге тойлап қалайық.
2-қоян:
Келер доңыз жылдарың
Жақсылығымыз көп болсын!
Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-кәрің!
Жаңа жылдың (Доңыз жылы) үндеуі
Ит жылының мерекесін берекеге жалғаймын. Елде, жерде, табиғатта бейбіт жылды қолдаймын. Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық! Жаса, жаса, достық, бірлік, туыстық! Құттықтайық Жаңа жылды өнермен — қуаныштың әр минуты тым ыстық!
Әне, балалар, естідіңдер ме? Аяз ата мен Ақшақар жақындап қалды. Кәне, бәріміз қосылып тамаша ән айтайық.
Ән
«Елочка» әнін орындайтын: Әнуарбек Айзере.
Ортақ шақыру
Кәне, балалар, бәріміз бірге қатты дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Бәрі қосылып:
«Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!»
«Ақшақар, Ақшақар, Ақшақар!»
Аяз ата мен Ақшақардың келуі
Залға әсем әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Көрермендер оларды қошеметпен қарсы алады.
Жүргізушілер
1-жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата!
2-жүргізуші: Амансыз ба, Ақшақар!
Келеді Аяз атамыз,
Қасында Ақшақар қыз.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
Аяз ата
Өздерің сияқты балалардың шат күлкіге толы думанды кештерін аралап келемін. Міне, сендерге де жеттім. Өткен жылға ризамын. Биылғы жыл да берекелі болсын. Баршаңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілегім жыл бойы —
Сендердің денсаулықтарың!
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар
Аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым? Дайындаған өнерлерің болса, көрсетіңдер: әсем ән айтып, би билеңдер, тақпақтарыңды нақышына келтіріп оқыңдар. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар!
Өнер бөлімі: ән, би, тақпақ
Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетеді: би билеп, ән шырқап, тақпақ айтады.
Би
- 3-сынып оқушылары: «Брэк» (Арсен, Ғазиз).
- 1-сынып оқушылары: «Тентегім» (хор).
Тақпақ
Бір топ оқушы Жаңа жылға арналған тақпақтарын оқиды.
Көрініс
1-сынып оқушыларының қойылымы: «Мақта қыз бен мысық».
Әндер тізімі
1-жүргізуші:
Жаңа жылдың шыршасына,
Келіңіздер, төрлетіп.
Мерекеде би билейік,
Шырқайықшы әндетіп.
- «Достық әні» (оқушылар).
- «Шырша жыры».
- «Қазақ баласы».
- «Мектебім».
- «Достарым».
- «Жаңа жыл».
Ақшақардың шақыруы
Ал, кәнеки, балалар, ән мен жырға басайық, той думанды жалғайық. Жарқыраған шырағы — шыршамыз да нұрланды. Бақытты жас балалар шат жыр-әнді айтады. Жаңа жылда сайланып, шыршамызды айналып, би билейік ән салып, баршамыз да жар салып!
Жүргізушілердің тілегі
Жаңа жыл бірлік берсін елімізге, береке-ырыс келсін жерімізге. Ыстық ықыласымыз артып, қуаныш шашу шашсын төрімізге!
Қуаныш пен шаттыққа кенелейік, жадыратып ән шырқап, тербелейік. Төрле, төрле, халқымның құтты жылы — бәріміз дөңгелене би билейік!
Өлең жолдары (жалғасы)
2-жүргізуші:
Әкелді жыл ырыс-құт,
Әлемге той, тыныштық.
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым — тамаша!
1-жүргізуші:
Байыз таппай менің мына жүрегім,
Бар әлемге шуақ шашып жүремін.
Келген сайын Жаңа жылым жарылқап,
Жақсылық пен ізгі арманды тіледім.
Қорытынды: шығарып салу және тілек
Кеш соңында Аяз ата мен Ақшақар басқа балалардың да күтіп отырғанын айтып, қоштасады.
Қоштасу сөзі
Аяз ата:
Сау тұрыңдар, балалар!
Қыздырыңдар думанды.
Алда барар ауыл бар,
Жыл қуантсын баршаңды.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата! Қош бол, Ақшақар!
Хор: «Шырша әні». Балалар шыршаны айналып шығады.
Соңғы тілектер
1-жүргізуші:
Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Ит жылы мен доңыз жылы алмасып.
Береке, бірлік, бейбітшілік төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпен табысып.
2-жүргізуші:
Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,
Бара жатыр қараңғы түн нұрланып.
Шырқай берсе таусыла ма әніміз?
Деп тарқалық үйімізге қуанып.
Қорытынды сөз
Ендігі кезекте қорытындылау сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына береміз.
Хормен: «2019 жыл — Доңыз жылы құтты болсын, ағайын!»
Бүгінгі «Жаңа жылдық шыршада» атты жаңа жылдық кешіміз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет! Қош, сау болыңыздар!
Мәлімет
- Өңір
- Қызылорда облысы
- Аудан/ауыл
- Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
- Мектеп және автор
- №100 орта мектебі — I санатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы