Күзде жаңбыр
Қостанай облысы, Қостанай қаласы
№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Рахимова Эльмира Ерсәлімқызы
Сабақтың тақырыбы
Күзгі суретші
Негізгі бағыт
Күз тақырыбы арқылы сөздік қорды байыту, мәтінмен жұмыс, сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Күз тақырыбына қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- Өткен сабақты қайталау.
- Күз туралы әңгімелеу және сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
- Дұрыс сөйлем құрастыру дағдысын дамыту.
- Ойды жинақтап, жүйелі жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік
- Табиғатты бағалауға және қорғауға тәрбиелеу.
- Еңбекке баулу.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Слайд
- Венн диаграммасы
- Кластер
- Суреттер
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Кезекшімен қысқаша сұхбат.
2) Ой қозғау
Сұрақ 1
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Сұрақ 2
Бір жылда неше ай бар?
Сұрақ 3
Бір мезгілде неше ай болады?
3) Үй жұмысын тексеру
«Ауа райы» тақырыбы бойынша диалог құрастыру.
4) Қызығушылықты ояту
Өлең үзіндісі
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Талқылау сұрақтары
- Автор: Бұл өлеңнің авторы кім?
- Мезгіл: Ақын қай жыл мезгілін суреттеген?
- Салыстыру: Ақын ағаш пен қурайды нелерге теңейді? Сол жерін тауып оқыңдар.
Мақсаты
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, тілдік ортаға жылдам енуіне жағдай жасау.
5) Тақырып пен күтілетін нәтижелер
Білуіміз керек
- Күз тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру және сұхбаттасу.
- Қазақша сауатты жазу.
- Сұрақтарды дұрыс қою.
Меңгеруіміз керек
- Мазмұндау және өз ойын анық жеткізу.
- Қойылған сұрақтарға толық жауап беру.
- Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
- Сөйлем мүшелерін ажырата білу.
Жаңа сөздер
Алдымен «Күз» тақырыбына қатысты сөздермен танысамыз. (Мағынасы орыс тілінде берілді.)
Қазақша
Орысша
1) Оқу
Сөздерді тізбектеп оқимыз.
2) Дұрыс айту
Дыбыстарды дұрыс айтып, хормен қайталаймыз.
3) Сөз тіркесі
Сөз тіркесін құрастырып, дәптерге жазамыз.
4) Сөйлем
Жаңа сөздерді қолданып сөйлем құрамыз.
Мақсаты
Жаңа сөздерді жинақтау, жүйелеу және белсенді қолдануға бейімдеу.
6) Кітаппен жұмыс
42-бет, 1-тапсырма: «Күзгі суретші»
- Мәтінді тізбектеп оқимыз.
- Мәтінді аударамыз.
«Даналық ағашы» ойыны
Ойын шарты:
- Мәтінді жылдам әрі мұқият оқимыз.
- Әр оқушы мәтін бойынша сұрақ құрастырып, қағазға жазады да сандықшаға салады.
- Мәтінді тағы бір рет оқимыз.
- Әр оқушы сандықшадағы сұрақтарға жауап береді.
7) Бекіту: «Алтын күз» оқыта-үйрету ойыны
Мақсаты — күз тақырыбы бойынша алған білімді практикалық тапсырмалар арқылы бекіту. Әр «жапырақтың» астында тапсырма берілген, міндет — барлығын орындау.
1-тапсырма: Венн диаграммасы
«Күз» бен «Қыс» ұқсастықтары мен айырмашылықтарын толтырыңдар.
Тақырып
Күз
Тақырып
Қыс
2-тапсырма: Жұмбақтарды шешу
-
Жапырақсыз сидиып, жабырқаулы бар ағаш,
Көк шапанын жамылып, құлпырады қай ағаш?
Жауабы
Шырша
-
Алтын сары тоны бар, қойнында дәні бар.
Не екенін тауып ал.
Жауабы
Бидай
-
Ағайынды бәрі: шықса көк, түссе сары.
Жауабы
Жапырақ
3-тапсырма: Мақалды аяқтау
- Жаңбыр жауса, …
- Күз … көрікті, қыс … көрікті.
- Күздің бір күні — қыстың …
- Көктемде түскен бір дән, күзді күні …
4-тапсырма: Сөйлемді толықтыр
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып, әр сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тап.
- Қазір … мезгілі.
- Күзде жаңбыр … жауады.
- … жел соғады.
- Аспанды … қаптайды.
- … да жылы киіне бастайды.
- … сарғайып, жерге түсіп жатыр.
5-тапсырма: Сұрақтарға жауап бер
- «Ерте күз» деп қай айды атаймыз? Неліктен?
- «Алтын күз» деп қай айды атаймыз? Неліктен?
- «Қоңыр күз» деп қай айды атаймыз? Неліктен?
6-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме
Берілген суретке сүйеніп, күз туралы қысқа әңгіме құрастырыңдар: ауа райы, табиғат көрінісі, адамдардың киімі, құстардың қоныс аударуы.
8) Қорытындылау
Бүгін біз жаңа сөздермен таныстық, өткен тақырыпты қайталадық және мәтінмен жұмыс жасадық. Енді төмендегі сұрақтар бойынша қорытынды жасаймыз.
1) Ай саны
Күз мезгілінде қанша ай бар?
2) Мерекелер
Қандай мерекелер бар?
3) Ауа райы
Ауа райында қандай өзгерістер болады?
4) Егін мен өнім
Бау-бақшада қандай жемістер мен көкөністер піседі?
5) Түстер
Ағаштардың жапырақтары қандай түске боялады?
6) Ағаштар
Қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
7) Киім
Күзде адамдар қалай киінеді?
8) Құстар
Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
9) Үй тапсырмасы
- «Алтын күз» модулі бойынша өткенді қайталап, нәтиже сабаққа дайындалу.
- 44-бет: II деңгейді орындау (жазбаша).
10) Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, мәтінді түсінуі, сұрақ құрастыруы және толық жауап беруі бойынша бағаланады.
11) Қоштасу
Сау болыңдар!