Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп жүрген елбасы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Мақсаты
- Балаларға Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру.
- Елбасыны құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
Әнұран
Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Балалар, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Н. Ә. Назарбаев еңбекқорлығы мен ақыл-парасатының арқасында үздік оқу орындарын бітіріп, 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Ол Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп келеді.
Келесі бөлім
Енді тобымыздың балалары тақпақтарын оқиды.
Балалардың тақпақтары
Медина
Ұлттық өрнек – мұрамыз,
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай.
Нұртас
Желбірейді шалқып,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Перизат
Желбірейді шалқып,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Аяжан
Тәуелсіздік – көркі ол,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді Елтаңба,
Ақорданың төрінде.
Нұрзат
Отан – ыстық ұямыз,
Жүректе Отан тұрады.
Отан маған – пәк ана,
Мен Отанның ұланы.
Жарайсыңдар, балалар!
Келесі бөлімде сұрақтарға жауап береміз.
Сұрақ-жауап
- 1 Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- 2 Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
- 3 Н. Ә. Назарбаев қай қалада тұрады?
Ән
Ән атауы
«Жаса Қазақстан»
Автор
Асқар Жүнісбеков
Орындау
Сыныппен бірге орындалады.
Қорытынды
Елбасы күні – еліміздің өркендеуіне үлес қосатын, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін мәні зор күн. Осымен сынып сағатымыз аяқталды.
Еске салу
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні.