Республикамыздың астанасы қай қала

Сабақтың мақсаты

  • Қазақ тілінен білімдерін жетілдіру, өткен тақырыптар бойынша сөздік қорларын тексеру.
  • Қарапайым сөйлемдер құрастыру және диалог түрінде еркін сөйлесуге дағдыландыру.
  • Сөздік қорын, зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Халық педагогикасын насихаттай отырып, қазақ тіліне құрмет пен қызығушылық тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Карточкалар
  • Суреттер
  • Геометриялық пішіндер

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Әңгімелесу Сұрақ-жауап

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім

Балалар, алдымен сәлемдесіп алайық.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!

Ойын-сауықтың тақырыбы

«Қазақ тілін білемін»

1-тапсырма: Сұрақ-жауап

Жалпы білімді еске түсіру
  1. Біз қай Республикада тұрамыз?
  2. Республикамыздың астанасы қай қала?
  3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Мұғалімнің бағалауы: «Өте жақсы, жарайсыңдар!»

2-тапсырма: Математикалық әлем

Санау және пішіндер
  • 1-ден 10-ға дейін санау.
  • Геометриялық пішіндерді атау.

3-тапсырма: Отбасы

Диалог және есте сақтау

Сұрақтар

  • Сенің отбасыңда неше адам бар?
  • Кім жоқ?

Дидактикалық ойынның барысы

  • Балалар «Мынау кім?» деген сұраққа жауап береді (ата, әже және т.б.).
  • Көрсетілген суреттер тақтаға ілінеді.
  • Балалар көзін жұмғанда бір сурет алынып, «Кім жоқ?» деген сұрақ қойылады.

4-тапсырма: Үй жануарлары

Тыңдау және атау
  • «Дыбысынан таны» дидактикалық ойыны.
  • Үй жануарларының төлдерін атау (дидактикалық ойын).
  • «Бұл не?» деген сұраққа жауап беру.

Сергіту сәті

Оңға қарай түзу тұр,
Солға қарай түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

5-тапсырма: Полиглот

Орысша-қазақша сәйкестендіру
Қазақша
Орысша
Сиыр
Корова
Ит
Собака
Шырша
Ёлка
Аяз ата
Дед Мороз
Қасық
Ложка
Кесе
Пиала
Жейде
Рубашка

Ескерту: тізімді басқа сөздермен толықтыруға болады.

6-тапсырма: «Көңілді доп» ойыны

Жабайы аңдарды атау

Балалар допты бір-біріне лақтыру арқылы жабайы аңдардың аттарын кезекпен атайды.

Қорытынды

Мұғалім

Міне, балалар, осымен біздің ойын-сауығымыз аяқталды. Тапсырмаларды бәрің де дұрыс орындадыңдар. Сендерге сыйлық ретінде түрлі-түсті шарлар ұсынамын.