Есептерге өрнек құрастыр және жаз

Математика • 2-сынып • Дәстүрлі сабақ

Бастауыш сынып мұғалімі: Туғанбаева Гүлфайруз Досболатқызы

Сабақтың тақырыбы

Бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептер.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды математикалық есептердің жаңа түрімен таныстыру және бөлу амалының нақты мән-мағынасы туралы түсінігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушы тақырып ұғымын аша алады, түсінеді және есеп шығаруда тиімді қолданады.

Сабақтың міндеттері

  • Өтілген тәсілдерді қолдану жолдарын меңгереді.
  • Есеп құрастыруға үйренеді.
  • Өз пікірін ашық айтады, ойларын салыстырады.

Әдіс-тәсілдер, модульдер және ресурстар

Әдіс-тәсілдер

  • Жетелеу сұрақтары
  • Семантикалық карта
  • Ой қозғау
  • «Миға шабуыл»
  • «Қар лақтыру»
  • «Тосып ал»
  • «Кім жылдам?»

Модульдер

  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)
  • ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері)
  • Бағалау (ӨӨБ, ТБ, кері байланыс)

Көрнекілік пен деректер

  • Суреттер
  • Бағалау парақшалары
  • Тақта
  • Стикерлер

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Көңіл күйді анықтау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Психологиялық дайындық: «Жүректен – жүрекке»

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз!

Бұл бөлімде балалар бір-біріне жылы сөз айтып, жақсы тілектерін білдіреді.

2) Топқа бөлу және үй тапсырмасын қорытындылау

Оқушылар таңдаған таңбалары бойынша өз тобына бөлінеді.

Үй тапсырмасы қорытындыланады, «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

«Сен маған, мен саған» тәсілі

Жауап беру кезінде «Келісемін» және «Келіспеймін» сөздерін орынды қолданады.

3) Тапсырмалар жүйесі

1-тапсырма • Жұптық жұмыс

Оқушылар жұптасып жұмыс істейді және кестені толтырады.

2-тапсырма • Жеке жұмыс

Сурет бойынша есеп шығару.

Мысал

Шарты
2 қорапта — 12 моншақ
Табу
1 қорапта — ? моншақ
Шешуі
12 : 2 = 6

Жауабы: 1 қорапқа 6 моншақтан салынады.

3-тапсырма • Топтық жұмыс

Есепке өрнек құрастырып жазу. «Қар лақтыру» әдісі: әр топқа есеп шарты беріледі, олар өрнек құрастырып, өзге топтарға алмастырып береді. Әр топ келген өрнектің мәнін бірлесе табады.

Өрнек

8 : 2 = 4

Өрнек

20 : 5 = 4

Өрнек

30 : 6 = 5

4-тапсырма • «Тосып ал» әдісі

Доп лақтыру арқылы көбейту кестесі бойынша жылдам сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

5-тапсырма • Есептің шартын құру

Шарт

  • Қатысты — 86 адам
  • Домбыра тартты — 9 адам
  • Ән айтты — 47 адам
  • Сұрақ: Билегені неше адам?

Шешуі

86 − 9 = 77

77 − 47 = 30

Жауабы

30 адам биледі.

Сергіту сәті

«Он саусақ» жаттығуы.

6-тапсырма • Есептемей салыстыру

Оқулықтағы тапсырмалар «Кім жылдам?» ойыны арқылы орындалады.

4) Қорытындылау

«Сөздер банкі» әдісі

Бір қорапшада сөздер жазылған, екіншісі бос. Бос қорапшаға бүгінгі сабақта кездескен есептер мен негізгі ұғымдарды іріктеп салады.

Семантикалық картамен жұмыс

Өрнектердің дұрыс шешімін тапса, сол шешімнің астындағы сөзді тақтаға іледі. Нәтижесінде оқу мен білімге қатысты нақыл сөз құралады:

«Білім – мұрат, білмеу – ұят.»

Білім арқылы мұратқа жетуге болатынын қорытындылайды.

Үй тапсырмасы

Оқулық: 181-бет, 4-тапсырма.

5) Бағалау

Бағалау түрлері

  • Өзін-өзі бағалау (ӨӨБ)
  • Топтық бағалау (ТБ)
  • Кері байланыс

Бағалау шкаласы

  • 10–8 ұпай — «5»
  • 7–5 ұпай — «4»
  • 4–3 ұпай — «3»

Оқушылар бағалау парақшасындағы ұпайларын санап, нәтижесін шығарады.

6) Рефлексия (2 минут)

Кері байланыс ұйымдастырылады.

«Білім жемісі»

Сабақтан алған жағымды әсерін және бүгінгі түсінген негізгі ойларын қысқаша жазады.