Ана өлеңі
Сабақ туралы мәлімет
Пән / Сынып
Әдебиет, 8-сынып
Тақырып
Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңі
Сабақ түрі
Жаңа ұғымды меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
- Мәнерлеп оқу
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау
Көрнекілік
Мультимедиа, слайдтар.
Пәнаралық байланыс
Биология, география, физика.
Мақсаттар
Білімдік
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, өлеңді оқи отырып талдау.
Дамытушылық
Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ғылыми стильде сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке баулу, ананы құрметтеуге және сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарды шоғырландыру.
II. Өткенді пысықтау
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақ-жауап, қысқа қорытынды.
III. Жаңа сабақ
Төлеген Айбергеновтің «Ана» өлеңін сатылай кешенді талдауға кіріспес бұрын автордың өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Өлеңнің тақырыбын анықтау үшін мәтін толық оқылып, әр шумаққа мазмұндық талдау жасалады.
Талдау барысында көрнекілік ретінде символдық бейнелер қолданылады:
- Жүрек
- Ай
- Жердің тартылыс күші
«Ана» өлеңіне сатылай кешенді талдау
1) Авторы
Төлеген Айбергенов
8.03.1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат өңірінде дүниеге келген.
Білімі
Чехов атындағы жетіжылдық мектепте оқыған.
Шығармашылық жолы
1957 жылдан бастап өлеңдері баспасөз беттерінде жариялана бастады.
Жоғары білім
1959 жылы Низами атындағы педагогикалық институтты бітірді.
Еңбек жолы
1959–1962 жылдары Қоңырат орта мектебінде мұғалім болды.
Қоғамдық қызмет
Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы қызметін атқарған.
Өмірден өтуі
1967 жылы дүниеден өтті.
Марапат және мұра
1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Жастарға арналған Т. Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.
Ерекшелігі
Өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын.
2) Тақырыбы
Ақынның ана атаулыға деген сүйіспеншілігі, құрметі және махаббаты.
3) Идеясы
Ананы аялауға, сыйлауға, құрметтеуге үндейді.
Идея ұғымы
Автор тақырып арқылы өмір шындығын өз көзқарасы мен дүниетанымы тұрғысынан бейнелеп, арманын, мақсатын және мүддесін танытады.
4) Жанр түрі
Лирика, өлең.
Өлең — қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
5) Шумақ саны
Өлең 6 шумақтан тұрады.
Шумақ — аяқталған біртұтас ойды білдіретін құрылым.
6) Тармақ саны
Өлең 26 тармақтан тұрады.
Тармақ — өлеңнің әр жолы.
7) Бунақ
Өлең 4 бунаққа негізделген.
Бунақ — дауыс ырғағына қарай бөлінетін бөліктер.
8) Буын саны
Өлең 15–16 буынды өлшемге құрылған.
Буын — сөз құрамындағы дауысты дыбыстар санына қарай анықталады.
9) Ұйқас түрі
Ұйқас — тармақ соңындағы сөздердің дыбыстық үндестігі; ол өлеңнің мазмұны мен тұтастығымен байланысып жатады.
10) Әдеби-теориялық ұғымдар
Эпитеттер
қасиетті жер, сұлу әлем, лапылдаған от, дөңгелек ғұмыр.
Теңеу
аң сияқты.
Тұрақты тіркестер
- қас қаққанша — тез, жылдам
- тасбауыр — қатыгез, мейірімсіз
Дисфемизм
пасық.
Жай қайталау
«ана» сөзінің қайталануы.
11) Түсіндірме сөздік
- Шерменде
- қайғы, қасірет, уайым.
- Даналық
- кемеңгерлік, ойлылық.
12) Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні
Ананы сүю, қадірлеу және құрметтеу.
Талдаудан кейінгі жұмыс
Музыкалық байланыс
Өлең талданғаннан кейін бейнебаян арқылы «Ана жүрегі» әні мен күй тыңдатылады. Оқушылардан ондағы оқиғалардың өлеңнің қай шумақтарымен үндесетінін анықтау сұралады.
Пікірталас сұрағы
Сұрақ
Адамның безбүйректеніп кетуінің себебі неде?
Ананың құдіреті туралы аңыз (уәзір мен патша туралы) айтылады, сондай-ақ хадистерден мысал келтіріледі.
Хадистерден мысал
Үш қасиет
Осы үш қасиетке ие болған адамдарға Алла қиямет күні мейірім танытып, жаннатқа кіргізеді:
- Барға мастанбаған, жоққа жасымаған.
- Ата-анасына мейірімді болған.
- Қол астындағыларға қадірлі болған.
Үш топ адам
Келесі адамдарға пейіштің есігі жабық деп айтылады:
- Ата-анасының қарғысына ұшыраған.
- Ішімдікке толықтай салынған.
- Берген қайыр-садақасын немесе жасаған жақсылығын міндет қылған.
Қорытынды бөлім
Білімді бекіту
Оқушылар анаға деген өз сезімдері туралы ойтолғау жазады.
Үй тапсырмасы
Өлеңді мәнерлеп жаттау.
Бағалау
Сабақтағы белсенділік пен тапсырмалар орындауына қарай бағаланады.
Автор туралы мәлімет
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Опа Анар Жасұланқызы.