Сабақтың оқыту формасы

Сабақ туралы мәлімет

Тақырып

Кестелермен жұмыс. Ұяшықтарды біріктіру және бөліктерге бөлу

Сабақтың түрі

Сыни тұрғыдан ойлау және деңгейлеп дамыта оқыту технологияларын қолдану.

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрсете түсіндіру

Оқыту формасы

Ұжымдық және жеке оқыту.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды кесте құруға, ұяшықтарды қосуға және алып тастауға, сондай-ақ ұяшықтарды біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Қажетті ресурстар

Көрнекіліктер

  • ДК
  • PowerPoint-та дайындалған презентация-слайдтар
  • Электронды тест
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Таратпа материалдар
  • Бағалау парағы

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Қазақ тілі
  • География

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. Сабақтың мақсаттарын хабарлау.

II. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін үй тапсырмасы бойынша «Жуан – жіңішке сұрақтар» стратегиясы қолданылады.

Сұрақтар

  1. Windows жүйесіне арналған ең танымал мәтіндік процессор қалай аталады?
  2. Абзац енгізу қай пернемен аяқталады?
  3. Меңзердің сол жағындағы символды немесе мәтінді өшіруге арналған перне қайсы?
  4. MS Word терезесіндегі екінші панель қалай аталады?
  5. Объектілері символ, жол, ұяшық және баған болып келетін мәтін түрі қалай аталады?

III. Мағынаны тану

Бұл кезеңде жаңа материал түсіндіріледі және оқушылардың қабылдауы ұйымдастырылады.

Түсіндірілетін негізгі сұрақтар

  • Кесте дегеніміз не?
  • Кесте құрудың әдістері қандай?
  • Ұяшықтарды біріктіру және бөліктерге бөлу қалай орындалады?

Негізгі анықтама

Кесте — жолдар мен бағандарға реттеліп орналастырылған ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан тұруы мүмкін. Жол мен баған қиылысқанда ұяшық пайда болады.

Word мәтіндік редакторында кестені бірнеше тәсілмен құруға болады. Төменде ең жиі қолданылатын екі әдіс берілген.

1-әдіс: Диалогтік терезе арқылы кесте енгізу

Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажетті жерге қойып, Қою → Кесте → Кесте қосу (Вставка → Таблица → Вставить таблицу) командасын орындаңыз.

Экранда «Кестені қою» диалогтік терезесі ашылады. Сол жерде бағандар мен жолдар санын енгізуге болады.

Мысалы: 5 баған және 2 жол көрсетіп, кесте құрыңыз.

2-әдіс: Тор арқылы ұяшық санын таңдау

Қою → Кесте (Вставка → Таблица) батырмасын басқанда торлы таңдау аймағы ашылады.

Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап, тор үстімен жылжыту арқылы қажетті ұяшық санын белгілеңіз, содан кейін кесте автоматты түрде енгізіледі.