Тізбек бойынша сөз тіркесін жазу
Сабақ туралы мәлімет
Оқу орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №23 жалпы орта білім беретін мектеп (мемлекеттік мекеме)
Мұғалім
Оңайбаева Күләш Самарқанқызы
Пән / Сынып
Қазақ тілі, 7-сынып
Сабақ тақырыбы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Мақсат пен күтілетін нәтиже
Жалпы мақсат
Оқушыларды ізденіске бағыттай отырып, жаңа ақпаратты өз күшімен игеруге баулу.
Оқыту нәтижесі
- Тақырыпты өз бетімен түсіну.
- Топта жұмыс істеуге дағдылану.
- Ойын еркін, нақты жеткізе білу.
Негізгі идея
Өз білімін және сыныптастарының білімін саралап, бағалай білуге үйрену.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Модульдер, стратегиялар
- Модульдер: 1, 2, 3, 4, 6, 7
- «Жигсо» (1, 2), топтастыру стратегиясы
- Топтық жұмыс, эссе
Құрал-жабдықтар
- Әртүрлі фигуралар (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб)
- Слайдтар, перфокарталар
- Кәмпиттер, постер, стикерлер және т.б.
Тапсырмалар тізімі
- 1 Тақырыпты зерттеп оқып, түсіну.
- 2 Сөздердің байланысу түрлеріне мысал келтіру.
- 3 Тізбек бойынша сөз тіркестерін жазу.
- 4 Оқулықпен жұмыс.
- 5 Эссе жазу: «Туған жер — алтын бесік».
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақтың ұстанымымен таныстыру.
Сабақ ұстанымы (Абай)
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі — тұл.
2) Психологиялық ахуал
Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, жақсы тілектер айтады.
3) Топқа бөлу
Әртүрлі фигуралар арқылы (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, ромб) оқушылар 4 топқа бөлінеді.
4) Үй тапсырмасын тексеру
1-топ
Сөз тіркесі дегеніміз не?
2-топ
Сөз тіркесі қандай сыңарлардан тұрады?
3-топ
Есімді сөз тіркесі дегеніміз не?
4-топ
Етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
5) Жаңа сабақ
«Сөздердің байланысу тәсілдері» тақырыбының тақырыпшалары 4 топқа бөлініп беріледі. Әр топ мәтінді мұқият оқып, түсініп, өзара талқылайды. Кейін постерге түсіріп, мысалдар келтіріп, басқа топтарға түсіндіреді.
1-топ
Сөздердің жалғау арқылы байланысуы
2-топ
Сөздердің шылау арқылы байланысуы
3-топ
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы
4-топ
Сөздердің интонация арқылы байланысуы
1-тапсырма
Әр топ сөздердің байланысу түрлеріне байланысты 5 мысалдан сөйлем құрастырады. Оқушылар өзін-өзі бағалап, бағалау парағын толтырып отырады.
2-тапсырма
Тізбек бойынша 10 сөз тіркесін жазу:
1-топ
Зат есім + зат есім
2-топ
Сын есім + зат есім
3-топ
Сан есім + зат есім
4-топ
Зат есім + етістік
Қорытынды бөлім
Оқулықпен жұмыс жасалып, тақырып бекітіледі. Сабақ соңында «Туған жер — алтын бесік» тақырыбында эссе жазылады.
Ескерту
Толық нұсқасын жүктеу (мәтіндегі белгі ретінде берілген).