Цитоплазманың құрамы

Мұғалім туралы мәлімет

Аймақ
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті
Білім беру ұйымы
М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп
Пән
Биология
Мұғалім
Киргизбаева Бикен Калибековна
Сынып
10-сынып

Сабақтың тақырыбы

Эукариоттық жасушаның құрылымдық-функциялық ерекшеліктері тарауы бойынша білімді қорытындылау және жүйелеу.

Мақсаты және күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Эукариоттық жасушаның құрылымы мен құрылыс ерекшеліктері туралы теориялық білім қалыптастыру.
  2. 2 Топтық және жұптық стратегиялар арқылы меңгерген білімді талқылап, ортаға салу.
  3. 3 Эукариоттық жасуша құрылымының тірі ағза үшін маңызын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

  • Эукариоттық жасушаның құрылымы туралы білімін қорытып, жүйелейді.
  • ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) қағидасына сүйене отырып, пікір алмасады және қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Сабақтың типі
Жалпылау және қорытындылау
Көрнекіліктер
Слайдтар, үлестірме қағаздар, қалам, қалпақ, ортақ бағалау парағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру Мозайка әдісі Өрмекшінің торы Балық қаңқасы (Fishbone) Өзіңді-өзің бағалау Ақылдың алты қалпағы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Топтастыру (Мозайка әдісі): суреттер қиындысы арқылы топ мүшелерін құру.

I топ

Жасуша

II топ

Ядро

III топ

Микроскоп

IV топ

Митохондрия

II. «Өрмекшінің торы» стратегиясы

5 минут

Оқушылар сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап береді.

Сұрақтар

  1. 1. Биология нені зерттейді? — Тіршілік туралы ғылым.
  2. 2. Өсімдік жасушасының құрылысы қандай? — Ядро, цитоплазма, жасуша қабықшасы, пластидтер, вакуоль.
  3. 3. Цитоплазма қандай зат? — Қабықшаның астында орналасқан, ядроны сыртынан қоршаған қоймалжың зат.
  4. 4. Хромопластар өсімдіктің қай мүшелерінде болады? — Гүлде, жемісте, сабақта, жапырақта кездеседі; жәндіктерді тозаңдандыруға тартады және жеміс пен тұқымның таралуына ықпал етеді.
  5. 5. Вакуоль қандай қызмет атқарады? — Ішкі қысымды реттейді.
  6. 6. Цитоплазманың құрамы қандай? — Нәруыздар мен липидтерден тұрады.
  7. 7. Мембрана дегеніміз не? — Өсімдік және жануар жасушасын қоршап, қорғайтын қабықша.
  8. 8. Ядроның жетілуіне қарай организмдер қандай екі топқа бөлінеді? — Прокариоттар және эукариоттар.

III. «Балық қаңқасы» (Fishbone) стратегиясы

12 минут

Эукариоттық жасушаның құрылымы мен құрылысы туралы толық мәліметті талдап, жүйелеу.

Талқылау бағыты 1

Цитоплазма органоидтері: эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосома — құрылысы мен қызметі.

Талқылау бағыты 2

Цитоплазма органоидтері: жасуша орталығы, рибосомалар — құрылысы және жасушадағы қызметі.

Талқылау бағыты 3

Цитоқаңқа, қозғалыс органоидтері, жасушалық қосындылар — құрылысы және жасушадағы қызметі.

Талқылау бағыты 4

Ядроның құрылысы мен қызметі. Хромосоманың химиялық құрамы мен құрылысы және жасушадағы қызметі.

IV. «Өзіңді-өзің бағала» стратегиясы

8 минут

Оқушылар бір-бірінің білімін тексеріп, сәйкестендіру тапсырмасы арқылы қорытынды жасайды.

Тапсырма

Сәйкестігін тап.

Толық нұсқасын жүктеу