Мектебіміздің дәрігері
Тақырып
Денсаулығым — байлығым
«Бірінші байлық — денсаулық». Бұл ой Қазақстан–2030 бағдарламасында көрсетілген мақсаттармен үндеседі: әрбір азаматтың денсаулығы мықты болып, хал-ахуалы жақсаруы үшін зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен белсенді шұғылдануы қажет.
Мақсаты
- Ішімдік, нашақорлық, шылым шегудің денсаулыққа және болашақ ұрпаққа зиян екенін түсіндіру.
- Спортпен жүйелі айналысуға ынталандыру.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Көрнекілігі
- Денсаулық туралы даналық сөздер жазылған плакаттар
- Жағдаяттық сұрақтар
- Мақал-мәтелдер
- Слайдтар
Кіріспе ой
«Денсаулық — зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мән бар. Адам үшін денсаулықтан асқан қазына жоқ: ол ақшаға сатылмайды, ешбір бағалы затпен тең келмейді. Сондықтан «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» қағидасын өмірлік ұстанымға айналдырған жөн.
Әр азаматты ел болашағы алаңдатары анық. Еліміздің ертеңі — бүгінгі бүлдіршіндер. Сол себепті олардың дені сау, білімді, жауапты азамат болып өсуі — ортақ міндет.
Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы — дәрігерлер еңбегін атап өту орынды. Олар адам өмірін сақтап қалу үшін күндіз-түні аянбай еңбек етеді. Осы ретте мектебіміздің дәрігері Шолпан Мұсақызының үлесін ерекше құрметпен айтамыз.
Ой қозғау: «Денсаулық» дегенді қалай түсінесіз?
Қозғалыс
Спортпен шұғылдану, белсенді өмір салтын ұстану.
Тәртіп
Күн тәртібін сақтау, жеткілікті ұйқы, дұрыс тамақтану.
Гигиена және таңдау
Жеке бас гигиенасын сақтау және жаман әдеттерден аулақ болу.
Ескерту
Маскүнемдік, шылым шегу және нашақорлық — денсаулыққа тікелей қауіп төндіретін әрекеттер.
Сайыс құрылымы
Топтар
- I топ — Шымыр
- II топ — Денсаулық
- III топ — Сымбат
Бөлімдер
- I.«Сәлем берем халқыма» — таныстыру, ұран.
- II.«Денсаулығыңды ойласаң» — денсаулыққа зиян келтіретін заттар туралы.
- III.«Денсаулық — зор байлық» — мақал-мәтелдерді жалғастыру.
- IV.Салауаттылық туралы викториналық сұрақтар.
- V.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» — зиянды әдеттер тақырыбында пікірталас.
I бөлім: Таныстыру және ұрандар
I топ — Шымыр
Шынықсаң, шымыр боласың,
Сауғып, айдай толасың.
Спортты серік ете біл —
Салауатты сен боласың.
II топ — Денсаулық
Денсаулық — ол күлкің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық — ол жүрісің,
Ешбір жерің ауырмай.
III топ — Сымбат
Спорт — біздің досымыз,
Күш-қайраты сыналған.
Спорт — біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.
II бөлім: «Денсаулығыңды ойласаң» — темекінің зияны
Темекінің шығу тарихы
Темекі Еуропа мен Азияға XV ғасырда тарады. Алғашқы кезеңде ол тіс ауруына қарсы дәрі ретінде қолданылғаны айтылады.
Пассивті шылым шегу
Темекі шегетін адам өз денсаулығына ғана зиян келтірмейді — жанындағылардың да ағзасын улайды.
Негізгі зиянды салдарлар
- Ерін, тіл және өңеш қатерлі ісігінің қаупін арттырады.
- Асқазан жарасының пайда болуына әсер етуі мүмкін.
- Жүрек-қантамыр ауруларының қаупін күшейтеді.
- Тері ерте қартаяды, әжімдер ертерек байқалады.
- Өкпе мен көмекей қатерлі ісігінің қаупін арттырады.
Қауіпті статистика
Дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан жыл сайын миллиондаған адам қайтыс болады. Кей деректерде әрбір тал темекі адамның өмірін шамамен 12 минутқа қысқартуы мүмкін екені айтылады.
Никотиннің әсері
Темекінің ағзаға ең ауыр әсер ететін компоненттерінің бірі — никотин. Ол темекі жапырағындағы алкалоид: майлы, түссіздеу, өзіне тән иісі және күйдіргі дәмі бар зат. Ағза никотинге тез үйренетіндіктен, адам көбіне улану белгілерін бірден сезе бермейді.
Қорытынды ой
Денсаулықты сақтау — күнделікті таңдаудан басталады: қозғалыс, тәртіп, гигиена және зиянды әдеттерден саналы түрде бас тарту.