Сырнай аспабы қазақ халқында кең таралған музыкалық аспап

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі

Пән мұғалімі

Әуез пәні мұғалімі — Сардарбекова Құралай Қыдырбайқызы

Тақырып

«Шырқа, сырнай!»

«Өз біліміңді тексер!» бөлімдерімен

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі

Иллюстративті-түсіндірмелі

Көрнекілігі

Интербелсенді тақта, слайдтар, үнтаспа, баян

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

Музыканың өмірмен байланысын түсіндіру, халық аспаптарының түрлерімен таныстыру және балалардың музыкалық қабілетін дамытуға ықпал ету.

2) Эстетикалық мақсат

Балалардың әсемдік пен сұлулыққа деген сезімін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Халқымыздың музыкалық шығармашылығына сүйіспеншілік оятып, ұлттық мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту.

Психологиялық сәт

Келші, досым, айналайын,
Құшақтайын, аймалайын.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Домбыра тақырыбын қайталау арқылы оқушылардың бұрынғы білімін нақтылау:

  1. 1. Домбыра аспабы қалай жасалады?
  2. 2. Домбыра аспабында кімдер ойнаған?
  3. 3. Қандай әнші-күйшілерді білесің?
  4. 4. Ән мен күй тыңдаған ұнай ма?
  5. 5. Қандай әндер мен күйлерді білесің?

III. Жаңа сабақ: «Шырқа, сырнай!»

Негізгі ұғымдар: сырнай, гармонь, баян

Сырнай туралы

Сырнай — қазақ халқында кең таралған музыкалық аспап. Бұл аспап қазақ жеріне орыс халқымен араласу арқылы келген.

Гармонь атауы

Орыс халқы бұл аспапты гармонь деп атайды. Гармоньдың сүйемелдеуімен түрлі әндер орындалып, мерекелердің сәні кірген.

Көпұлтты аспап

Гармонь — қазақ, татар, украин халықтары арасында кең тараған, бірнеше ұлтқа ортақ аспап. Қазақ ішінде ол сырнай атауымен орныққан.

Сырнаймен танылған өнерпаздар

Сырнаймен ән салып, елге танылған әнші-композиторлар қатарында Нартай, Майра, Шашубай есімдері аталады.

Сырнайдың қазіргі түрі: баян

Сырнайдың қазіргі жетілдірілген түрі баян деп аталады. Баян ХХ ғасырдың басында жасалып, бірнеше аспаптың дыбысын бере алатын мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Музыка тыңдау

Тыңдалым

Сырнай сүйемелдеуімен — Нартайдың термесі.

Нартай Бекежанов

Нартай Бекежанов — ақын, композитор. Ол он жасынан бастап ән айтып, өлең шығара бастаған. Көптеген ақындармен айтысқа түсіп, халық әндерін шебер орындаған. Сонымен қатар өзі де «Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме» сияқты әндер шығарған.

Ән орындау

«Зырлайды шанамыз»

Д. Мацуцин, Қ. Ыдырысов

1-шумақ

Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты.
Аппақ боп үстіміз,
Ақ қырау жабысты.
(2 рет)

2-шумақ

Алғашқы ақша қар,
Бетінде із қалды.
Жүйткиді ақ шанам,
Алға ұстап ызғарды.
(2 рет)

3-шумақ

Зырлай түс, ақ шанам,
Бөгет жоқ бізге еш.
Көрсін дос, басқада,
Шаршайтын біз емес.
(2 рет)

Қорытынды және білімді тексеру

Қорытынды сұрақтар

  1. 1. Сырнай аспабы қалай пайда болды?
  2. 2. Орыс халқында бұл аспап қалай аталады?
  3. 3. Сырнайдың қазіргі түрі қалай аталады?

«Өз біліміңді тексер»

Суретке қарап, музыкалық аспаптарды ата.

Мұнда аспаптардың суреттері көрсетіліп, оқушылар атауларын айтады.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланып, жетістіктері атап өтіледі.

Үй тапсырмасы

Сырнай мен баян туралы мәліметті қайталап келу, тыңдалған шығарманың мазмұнын әңгімелеу.