Білімділер сайысы
Қостанай облысы, Рудный қаласы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Тақырыбы: Арналы бұлақ – асыл сөз
Мақсаты: оқушылардың бойындағы ой мен тіл жұтаңдығын ескере отырып, сөздік қорын байыту, сауатты сөйлеуді үлгілеу, тіл мәдениетін жетілдіру.
Қажетті құралдар
- Интерактивті тақта
- Тіл туралы ұлы адамдардың нақыл сөздері жазылған плакаттар
Өткізу форматы
6-сыныптар арасында интеллектуалдық ойын түрінде ұйымдастырылады. Ойын шарттары әр кезең барысында түсіндіріледі. Қатысушылар — 3 топ.
Тілек
Қанаттарың талмасын, өнерлерің самғасын. Білімді болып ер жетіп, халқыңа тигізер пайдаң мол болсын.
Кіріспе сөз
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін — 22 қыркүйек, Тілдер мерекесі. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Содан бері бұл күн республикада Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.
Осы мерекеге орай «Арналы бұлақ – асыл сөз» тақырыбында 6-сыныптар арасында интеллектуалдық ойын өткізбекпіз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Өлең жолдары (Несіпбек Айтов)
Ана тілім, ана тілім — жүрегісің анамның,
Жүрек — ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегіне ғаламның.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем!
Осы өлең жолдары аңғартқандай, әрбір азамат ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, тіл мәртебесінің биіктеуіне өз үлесін қосуға міндетті.
Әділқазы алқасы
Сайыс басталар алдында ойынымызға төрешілік ететін әділқазылар алқасын таныстырамыз.
Сайыс кезеңдері
I кезең — «Мен елімнің ертеңімін»
ТаныстыруӘр топ өздерін таныстырады. Топтар кезекпен ортаға шақырылады.
Қазақ тілі! Байсалды бабам тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным.
Сен тілісің — адамзат Абайының,
Сен тілісің — ұрпақтың талайының!
II кезең — «101 мақал»
Мақал-мәтелТек тіл тақырыбындағы мақал-мәтелдер айтылады (кезекпен). Айтылған мақал-мәтелдер қайталанбайды. Білмеген топ ойыннан шығады.
Ең бірінші бақытым — тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
III кезең — «Өлең сөздің патшасы — сөз сарасы»
Мәнерлеп оқуӘр топтан қатысушылар кезекпен ортаға шығып, берілген шығарманы мәнерлеп оқиды.
Сөз қандай бай — білем соның қаншасын,
Жатып тұрып санадым.
Әрбіреуін қолыма ұстап үңіле,
Асыл тасша қарадым.
IV кезең — «Білімділер сайысы»
Сұрақ-жауапӘр ұяшықта сұрақтар беріледі. Тапсырмалар жеңілден ауырға қарай күрделенеді. Әр топтың барлық оқушысы кемінде бір сұраққа жауап береді, ұпай жинайды.
Ұстаным
Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
V кезең — «Сөз ойла да, тез ойла»
Сөз құрастыруБерілген сөздер құрамындағы дыбыстарды пайдаланып, жаңа сөздер құрастыру керек. Қанша сөз құрастырылса — сонша ұпай.
Тақырыптық өзек
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
Әділ бағалау
Әділқазы алқасы ұпайларды жүйелеп, нақты қорытынды шығарады.
Үзіліс және қорытынды
Келесі кезекті әнге береміз. Одан кейін қорытынды сөз әділқазылар алқасына ұсынылады.
Қорытынды сөз
Тіл мерекесі баршаңызға құтты болсын!
Ойынға қатысқан сайыскерлерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Жұбан Молдағалиев
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімді таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Ақын айтқандай, ана тілімізді — мемлекеттік тілімізді — қадірлей білейік, ағайын.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі ойынымызға атсалысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз!