Қосу амалына кері амал

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (Математика, 3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: 3 санына көбейту және бөлу ережелерін пысықтау.

Сабақтың мақсаты: 3 санына көбейту және бөлу ережелерін қайталау, есептеу барысында қолдану; қысқаша жазба мен сызбалар бойынша есеп құрастыру және шешу.

Күтілетін нәтиже (A)

3 санының көбейту кестесін біледі. Теңдеуді шешу ретін меңгерген.

Күтілетін нәтиже (B)

Есептердің мәнін жылдам есептей алады.

Күтілетін нәтиже (C)

Алған білімін өмірде қолданады, шығармашылықпен жұмыс істей алады.

Сабақтың типі

Қайталау сабағы.

Сабақтың түрі

Қайталау.

Оқыту модульдері

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
  • Білім беруде АКТ қолдану
  • Талантты және дарынды оқушыларды оқыту
  • Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақ барысы

1) Сыныпты дайындау және психологиялық ахуал

Жұптау (көбейту кестесі)

Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауап: Күз.

Күзгі жапырақтардағы тапсырмаларды орындайық.

Ребус шешу

Ребус арқылы оқушылардың қызығушылығы оянып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты нақтыланады.

Сабақтың мақсаты мен міндетін айқындау

Сұрақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты қандай?

Сұрақ: Қазір қай мезгіл?

Сұрақ: Күз мезгілінің ерекшелігі қандай?

Ассоциация

«Балалар, ендеше тиінге қысқа азық жинауға көмектесеміз бе?» тақырыбы арқылы оқу тапсырмалары ойынмен байланысады.

2) Өткенді еске түсіру: жылдам сұрақтар

1. Қосылғыштардың орындары ауысқаннан ненің мәні өзгермейді? Жауап: қосындының.

2. Қосу амалына кері амал қандай? Жауап: азайту.

3. Көбейту мен бөлу өзара қандай амалдар? Жауап: кері амалдар.

4. Көбейткіштердің орындары ауысқаннан ненің мәні өзгермейді? Жауап: көбейтіндінің.

5. Кез келген санды 1-ге көбейткенде қандай сан шығады? Жауап: сол санның өзі.

6. Кез келген санды 0-ге көбейткенде қандай сан шығады? Жауап: 0.

Күз мезгілінде табиғатта өзгерістер болады. Терезеге қарайық: бүгінгі ауа райы қандай? Егер жаңбыр жауса, бізге қолшатыр керек. Қолшатырды алу үшін тапсырмаларды орындаймыз.

Тапсырма: теңдеулерді шешу.

3) Уақыт туралы әңгіме және өмірмен байланыс

Сұрақ: Күз бен қыстың, көктем мен жаздың келуі, күн мен түннің ауысуын қалай атаймыз?

Сұрақ: Неліктен уақытты үнемдеу керек?

Сұрақ: Уақытты немен өлшейді?

Адамға ең қажет нәрсенің бірі — сағат. Ол уақыттың құндылығын еске салады.

Нұсқаулық: өздеріңе ұнаған сағатты «сатып алайық» (таңдайық) және оны қолдана отырып практикалық жұмыс жасайық.

2-тапсырма: 1-топ (А), 2-топ (Ә), 3-топ (Б) — таңдаған сағатпен практикалық жұмыс орындау.

4) Практикалық жұмыс және жұппен түсіндіру

№1. Практикалық жұмыс (еркін талқылау)

Оқушылар қолдарындағы сағат модельдерімен күн тәртібіндегі әрекеттерін бір сағат дәлдігімен көрсетеді: қашан тұрады, ойнайды, демалады, сабаққа барады, ұйықтайды және т.б.

№3. Жұппен жұмыс (2–3 минут)

Оқушылар жолдасына сағат тілдерінің неге дәл осылай орналасқанын түсіндіреді. Мұғалім жауаптарды тыңдап, қажет болса түзетулер енгізеді.

5) Логикалық тапсырма

Суреттегі қоян әрбір 13-ші сәбізді жегенде, ең соңында қызыл сәбізді жейді екен. Сағат тілінің бағытымен санағанда, қоян қай сәбізден бастап жейді?