Қаһарман сөзін буынға бөл
Сабақтың тақырыбы
В дыбысы мен әрпі.
Сілтеме
Оқулық, орта мерзімді жоспар.
Сабақ түрі
Топтық сабақ.
Мақсат пен күтілетін нәтиже
Жалпы мақсат
Оқушыларға В дыбысы мен В әрпі туралы түсінік беру.
Негізгі идеялар
- В әрпі бойынша алған білімдерін нығайтып, жүйеге келтіріп қорытындылау.
- Білім, білік, дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың білімін саралау.
- Сыни тұрғыдан ойлауға машықтандыру.
Күтілетін нәтиже
- В/в дыбысын ажырата алады.
- Сөйлемде қай жерде орналасатынын біледі.
- Өмірде қолдана алады.
Оқыту әдістері мен ресурстар
Оқыту әдістері
- Сұрақ-жауап, диалог.
- АКТ қолдану.
- Топтастыру.
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
- «Ыстық орындық» әдісі.
- Бағалау парағы арқылы қалыптастырушы бағалау.
Дереккөздер
Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, суреттер, бейнеролик.
Тапсырма бағыты
- Топтастыру.
- Өмірмен байланыстыру.
- Мысалдар келтіру.
Сабақ барысы: мұғалім мен оқушы әрекеті
Психологиялық ахуал және топқа бөлу
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
Оқушыларды топқа бөлу, сабаққа назарын шоғырландыру.
Қайталау: «Ыстық орындық» әдісі
Бұрынғы тақырып бойынша қысқа сұрақтар арқылы білімді өзектендіру:
- 1 Һ дыбысы қандай дыбыс?
- 2 «Қаһарман» сөзін буынға бөл.
- 3 Қазақ қаһармандарын ата.
- 4 «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?
- 5 Һ дыбысы қатысатын сөз ойла.
Қызығушылықты ояту: жұмбақ
Теуіп-теуіп қалдым,
Алысқа ұзап бардым.
Жауабы
Велосипед
Бірінші естіліп тұрған дыбыс — В. Бұл — ұяң, дауыссыз дыбыс және орыс тілінен енген.
Жаңа сөздер: мағынасын ашу
Суреттер арқылы жаңа сөздермен танысу, мағынасын түсіндіру:
- Сөздерді буынға бөлу.
- Неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау.
- В дыбысының сөздің әртүрлі буындарында кездесетінін байқау.
АКТ
Тақырыпқа сай бейнеролик көрсету.
Оқулықпен жұмыс
- Суретке қарап әңгімелеу.
- «Вокзал» туралы білетіндерін сұрау.
- Мәтінді мұғалімнің оқуы.
- Мәтінді талдау.
- Іштей оқу, дауыстап оқу, тізбектей оқыту.
Мақалдың мағынасын ашу
«Үлкенге құрмет — балаға міндет» мақалын түсіндіру, өмірмен байланыстыру.
Дәптермен жұмыс
- Әріпті ауада жазу.
- Жазу жолындағы әріптерді жазу.
- В, в әріптерін әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
Топпен жұмыс: сараланған тапсырмалар
Әр топқа жеке тапсырма беріледі:
1-топ
«Волейбол» сөзіндегі дыбыстарды қатыстырып сөз құрастыр.
2-топ
Буын ұйқасын тап: