Заң жобасының негізгі мақсаттарына шолу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі
I санатты бастауыш сынып мұғалімі: Саулебаева Ләззат Шәкіқызы
Сабақ тақырыбы
Зорлықсыз балалық шақ
Сабақтың түрі
Әңгімелеу
Көрнекілігі
Слайдтар
Сабақтың мақсаты
Осы сабақ Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында баланың Конституциямен кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды түсіндіруге бағытталады.
- Балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау.
- Қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту.
- Әлемдік өркениеттің жалпыадамзаттық құндылықтары негізінде жоғары имандылыққа, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу.
- Баланың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың оқу әрекетіне дайындығын тексеру, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру, қауіпсіз орта қағидаларын еске салу.
II. Кіріспе: зорлық-зомбылық ұғымы
Құқықтық түсінік бойынша, зорлық-зомбылық — бір адамның басқа адамға қатысты оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәндік немесе психологиялық ықпал жасауы.
Тән азабын шектіретін зорлық
Адам ағзасына тікелей әсер ету: ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру және басқа да физикалық әрекеттер.
Жан азабын шектіретін зорлық
Қорқыту, қысым көрсету арқылы адамның ерік-жігерін жасыту, қарсылық көрсетуіне және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына кедергі келтіру.
III. Негізгі бөлім: қоғамдағы өзектілік және құқықтық негіз
Елімізде зорлық-зомбылық мәселесіне байланысты 20 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық проблемасы қоғамда елеулі деңгейде күрделеніп отыр.
Статистикалық деректерге сүйенсек, бір жыл ішінде шамамен 500-ге жуық әйел мен бала отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Отбасының берекесінің кетуіне әсер ететін басты себептердің бірі де — тұрмыстық зорлық-зомбылық.
Зорлық-зомбылықтың туындауына тәрбиесіздік те ықпал етеді. Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте адам өміріне апат әкеледі», — деп ескерткен.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заң нормалары жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жөніндегі жұмыстарын іске асыру жоспарының 29-тармағына сәйкес, 2004 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы әзірленді.
Талқылау мазмұны (слайдтар бойынша)
- Балалар құқығын қорғау (6-слайд).
- 7-тарау: «Бала және қоғам» (7-слайд).
- 34-бап (8-слайд), 36-бап (10-слайд), сондай-ақ 20-бап бойынша түсіндірме.
Қорытынды
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер айқын көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім — жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
«Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
— Н.Ә. Назарбаев