Жай сандар
Ұзақ мерзімді жоспар
Тарау
5.4.1 — Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (35 сағат)
Сынып
5-сынып
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы.
Оқу мақсаттары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
5.1.1.13 — Ондық бөлшек ұғымын меңгеру; ондық бөлшекті оқу және жазу.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар
Ондық бөлшектерді оқуды және жазуды меңгереді.
Басым оқушылар
Ондық бөлшек пен оған тең жай бөлшектің айырмашылығы тек жазылуында екенін ажырата алады.
Кейбір оқушылар
Мәтіндік есептің шартын жазады, өрнек құрастырады және шығарады.
Бағалау критерийлері
- Ондық бөлшектерді оқиды және жазады.
- Ондық бөлшекті ажырата алады.
Тілдік мақсаттар
Негізгі ұғымдар
- Ондық бөлшектер
- Ондық таңбалар
Пәндік лексика және терминология
- Бүтін
- Бөлшек
- Ондық таңбалар
Диалог және жазылымға арналған сөз тіркестері
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылықтарын дамыту.
Пәнаралық байланыс
Биология, тарих және география пәндерімен байланыс орнатылады.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
Сабақтың басы (10 минут)
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Топтарға біріктіру: оқушыларға кеспе қағаздар таратылады (дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, аралас сандар, жай сандар, құрама сандар). Оқушылар берілген атауларға сәйкес топтарын тауып, 5 топқа бөлініп отырады.
2) Психологиялық ахуал қалыптастыру
Мұғалім: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін менің көңіл күйім өте жақсы. Сіздердің көңіл күйлеріңіз қандай?» Оқушылар смайликтер арқылы көңіл күйлерін көрсетеді.
Топтық ұрандар
- Біз бәріміз көшбасшымыз.
- Біз жақсы оқушымыз.
- Біз білімдіміз.
- Біз — Қазақстан азаматымыз.
- Біз ақылдымыз.
3) Топ басшыларын сайлау
Бағалау парақшалары таратылады: әр топқа ақ парақ беріледі.
Тапсырма: оқушылар параққа қолының суретін салады. Бірінші болып аяқтаған оқушы — топ басшысы.
Мақсаты
Оқушыларды сыйластыққа және тәрбиелікке баулу.
Нәтиже
Көңіл күй көтеріледі, сабаққа қызығушылық артады.
4) Үй жұмысын тексеру («Көршімен жұмыс» стратегиясы)
- Кезекші оқушы үй тапсырмасын хабарлайды.
- Оқушылар үй тапсырмасын кезектесіп оқиды.
- Көршілер бір-бірінің дәптерін тексереді.