Мұғалім Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы: Мұғалім

Білімділік

«Мұғалім» тақырыбына қатысты сөздермен таныстыру. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрауды үйрету.

Дамытушылық

Сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Елге, жерге, Отанға сүйіспеншілікті арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Мұғалімді құрметтеуге, сыйлауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Топтау
  • Сұрақ-жауап
  • Жаттығулармен жұмыс
  • Тірек-сызба

Көрнекіліктер

Әдістемелік кітапшалар, суреттер, плакаттар, топтамалар.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгелдеу, кітап пен қаламсаптарын дайындау, сынып тазалығын тексеру. Назарын сабаққа аудару.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Қысқа диалог

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызда кім жоқ?

Мұғалім: Үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушы: «Наубайшы» тақырыбындағы суретке қарап, сөйлем құрау.

Мысал сөйлем: Наубайшы наубайханада нан пісіреді. Нанның құрамы: ұн, ашытқы, сүт, тұз.

Топқа бөлу және қайталау

І топ

«Жұлдызша»

Топ жетекшісі: ______

ІІ топ

«Қыран»

Топ жетекшісі: ______

ІІІ топ

«Балдырған»

Топ жетекшісі: ______

Өткен тақырыптарды еске түсіру (сұрақтар)

  • 1Қазақ тілі әліпбиінде неше әріп бар?
  • 2Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • 3Жуан және жіңішке дыбыстарды атаңдар.
  • 4Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • 5Көптік жалғауларын атаңдар.
  • 6«Оқушы», «дос», «кітап» сөздеріне көптік жалғауларын жалғаңдар.
  • 7Буынның неше түрі бар?
  • 8Бітеу буын қалай жасалады?
  • 9Ашық буынға мысал келтіріңдер.

Миға шабуыл: «Мұғалім қандай қызмет атқарады?»

Оқытады

Білім береді, бағыт көрсетеді.

Түсіндіреді

Мағынаны ашады, нақтылайды.

Үйретеді

Дағды қалыптастырады.

Жаттықтырады

Қайталау арқылы бекітеді.

Жаттатады

Есте сақтауға көмектеседі.

Жаздырады

Тілдік сауаттылықты арттырады.

Мұғалім — мектептің жүрегі.

Сұрақ: Мұғалім болмаса, өмірді қалай елестетесіңдер?

  • Онда біз сауатсыз болар едік.
  • Мұғалімсіз, білімсіз өмір жоқ.

Оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмысы

Көрді
видел(а)
Шақырды
позвал(а)
Қосымша
дополнительный
Келемін
приду

Тапсырма: осы сөздерді қолданып, әр топ бір-бір сөйлем құрасын.

1-жаттығу (42-бет)

Сурет бойынша сөйлем құраңдар. (Сурет тақтада ілулі.)

2-жаттығу: Диалог

Жаттығуды оқымас бұрын: диалог дегеніміз не?

Жауап: Диалог — екі адамның сөйлесуі.

Дәптермен жұмыс

3-жаттығу: Түбірді табу

Жазбас бұрын түбір ұғымын еске түсіреміз.

Түбір — сөздің бастапқы мағыналы, өзгермейтін бөлігі.

Мысал сөйлемдер

  • Менің шешем — мұғалім.
  • Кеше мұғалімнің үйіне бардым.
  • Ол мұғалімді бүгін көрді.
  • Мұғалімде көп кітаптар бар.
  • Мен мұғалімнен дәптер алдым.
  • Балалар мұғаліммен театрға барды.

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны

Ойын шарты: бастаушының сөзін мұқият тыңдаймыз. Егер ұшатын нәрсе айтылса — қолды жоғары көтереміз, ал ұшпайтын нәрсе айтылса — қозғалмай отырамыз. Қателескен оқушы жұмбаққа жауап береді.

4-жаттығу және ойындар

4-жаттығу: «Кім не істейді?»

Сызба арқылы мұғалімнен басқа қандай мамандық иелері бар екенін анықтаймыз. Мамандық атауларын дәптерге жазып аламыз.

«Ойлан, тап!» ойыны

Ойынға топ жетекшілері қатысады. Үстел үстінде мұғалім қолданатын заттар тұрады. Топ жетекшілері оларды 2 минут қарап, кейін жазып шығуы керек.

«Сөз жарысы»

Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіреміз. Осы дыбыстардан әр топ жеке-жеке сөздер құрайды. Әр ойынның нәтижесі жұлдызшамен бағаланады.

Бекіту кезеңі: тест

Өткен сабақты қорытындылау үшін тест сұрақтарына жауап береміз. Тест қорытындысы келесі сабақта айтылады.

1) Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

  • а) а, ә, о, е, ө
  • ә) г, ғ, д, ж
  • б) о, ұ, ы, а

2) Қай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?

  • а) у
  • ә) и
  • б) к

3) Көптік жалғау жалғанған сөзді табыңыз.

  • а) кітап
  • ә) оқушылар
  • б) дос

4) Ұяң дауыссыз дыбыстарды табыңыз.

  • а) а, ә, о, ө
  • ә) б, в, г, ғ, д, ж, з
  • б) р, л, м, н, ң

5) Бітеу буынды көрсетіңіз.

  • а) су
  • ә) ел
  • б) көз

6) Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  • а) 42
  • ә) 37
  • б) 40

7) Жуан буынды сөздерді табыңыз.

  • а) ілгешік
  • ә) өрік
  • б) орындық

8) Көптік жалғауын көрсетіңіз.

  • а) –лар, –лер, –дар, –дер
  • ә) –ған, –ген, –қан, –кен
  • б) –тың, –тің, –дың, –дің

9) Буынның неше түрі бар?

  • а) 5
  • ә) 3
  • б) 2

10) Жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.

  • а) ұшқыш
  • ә) өрмекші
  • б) қаламсап

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес берілетін тапсырманы орындау.