Сағыныш сазы толқытқан, Арнамақ сөздің мәйегін

Ұстаздар туралы өлең шумақтары

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ғ. Қайырбеков

***
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің
М. Әлімбаев

***
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден – Батырдан
Өнері асқан актерден,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден,
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас - кәріден
Оқушының бәрінен,
Ұстаздарға мың сәлем!

***
Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.
Қыр - сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнеге, өріс беретін
Барометрі сенсің адамның.
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін!
Өмірдің ұғып тереңін,
Өркен жайған қауымым
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің!

***
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

***
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.



Ұқсас жұмыстар

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Төлеген Қажыбайдың сөз өрнегі
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Төлеген Айбергеновтың өлеңдеріндегі жаңашылдық
Сағи дауысы
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Мәтінді оқыту әдістемесі
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Сарбаз сағынышы
МЕНІ ЕРТІП КЕТТІ САҒЫНЫШ
Мақал - сөздің атасы
Орфоэпия - сөздің айтылмауы емес, дұрыс айтылуы
Бір сөздің өзі қаншама қуанышты сәттерге толы десеңізші
Күзді сүю сағынышты аңсау деген сөз
Өлең - сөздің патшасы
Қазақтың түп атасы батыр Түрік, Арабсың деген сөздің түбі шірік
Сөздің көп мағыналылығымен байланысты мұндай өзгешелік көркем әдебиет
Әлімсақтан жетім көрсең жебей жүр деп келе жатқан қазекем бүгінде осы сөздің парқына жете алмай жатқанға ұқсайды