Сайыс сабақ. Тапқырлар тобына
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
«Тапқыр достар» — информатика пәнінен сыныптан тыс сайыс сабағының жоспары.
Сабақтың форматы
- Түрі: сайыс сабақ
- Типі: аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдері: білім, білік, дағдыларды қайта жаңғырту
Көрнекілігі
- Компьютер
- Проектор
- Интерактивті тақта
- MS PowerPoint-та жасалған слайдтар
Пәнаралық байланыс
Математика және ағылшын тілі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Бұрын алған теориялық білімді жүйелеу, графикалық редакторда жұмыс істеуге қатысты практикалық біліктілік пен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін айтуға және пайымдауға ынталандыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, саналы әрекетке және компьютерлік іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Сайыс сабақ 10 кезеңнен тұрады және оған 2 топ қатысады.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім», — деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Бируни.
Сайыс басталар алдында білім бәйгесінің әділқазылар алқасымен таныстырылады (төраға және мүшелер).
Бағдарлама (10 кезең)
- 1 Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады)
- 2 «Келесі» ойыны (сұрақ-жауап)
- 3 Сөзжұмбақ шешу
- 4 «Қатені тап» ойыны
- 5 Ребустар
- 6 «Ұшқыр оймен» (берілген әріптерден сөз құрастыру)
- 7 «Ойлан, тап!»
- 8 Кодтау
- 9 «Қылқалам сыры» (сурет салу)
- 10 Қорытынды (топтарды марапаттау)
Топтар
I топ
Алғырлар
Болашақтың ұрпағымыз алғырлы, сайыста көрсетеміз мектепте алған білімді.
II топ
Тапқырлар
Тапқырлық таныту — мақсатымыз, біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
2-кезең: «Келесі» ойыны
Ереже
- Әр топқа 6 сұрақтан қойылады.
- Жауап білінбесе, «Келесі» деп айтылады — сұраққа келесі топ жауап береді.
- Әр дұрыс жауап үшін топ қоржынына 5 ұпай қосылады.
«Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы», — Ахмет Байтұрсынұлы.
Сұрақтар
Алғырлар тобы
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — бит.
- Сурет салуға арналған бағдарлама — Paint.
- Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама — Калькулятор.
- Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы/жетек — CD-ROM.
- Масштаб құралының қызметі — сурет үзінділерін үлкейту.
- 1 байтта 8 бит бар.
Тапқырлар тобы
- Екілік жүйенің сандары — 0 және 1.
- Адам мен компьютердің өзара әрекеттесу тілі — интерфейс.
- Компьютердің «миы» — процессор.
- Paint терезесінің негізгі элементтері: тақырып жолағы, мәзір жолағы, құралдар жиыны, сурет салу аймағы, түстер палитрасы.
- Жазу құралының қызметі — сурет ішіне мәтін енгізу.
- Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс — Интернет.
3-кезең: Сөзжұмбақ шешу
«Білекке сенген заманда — ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», — Абылай хан.
Келесі кезеңде топтар информатикаға қатысты ұғымдарды бекіту мақсатында сөзжұмбақтарды шешеді.