Архимед заңының тұжырымдамасы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Физика және астрономия
Сынып
7
Тақырып
Қысым: қайталау сабағы
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ
Сабақтың типі
Дәстүрлі емес
Пәнаралық байланыс
Математика
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өтілген тақырыптар бойынша білімді жүйелеу, негізгі ұғымдарды еске түсіру және оларды практикада қолдануды үйрету.
Дамытушылық
Білімге қызығушылықты арттыру, бірлесе жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, тазалыққа және тәртіпке тәрбиелеу.
Әдістер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Топтық жұмыс
- Жеке жұмыс
- Түсіндірмелі әдіс
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Кеспелер
- Түймедақ гүлі
- Слайд
- Балық (ойынға арналған материал)
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Сынып тазалығын тексеру
- Сабаққа назар аударту
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Балық аулау» ойыны
Үй тапсырмасы ойын түрінде тексеріледі: оқушылар «судағы» балықтарды аулайды. Әр балықтың артында тапсырма бар, оқушы сол тапсырманы орындап жауап береді.
Сұрақтар
- 1 Архимед заңының тұжырымдамасы қандай?
- 2 Лактометр дегеніміз не?
- 3 Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?
- 4 Сұйық ішіндегі дене тепе-теңдік қалпын қандай жағдайда сақтайды?
- 5 Егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан үлкен болса, не болады?
- 6 Егер FA > Fa болса, қандай шарт орындалады?
- 7 Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не? (Анықтамасы, мәні, оны анықтаған ғалым, өлшейтін құрал.)
III. Практикалық бөлім
1-кезең: «Жұлдызды аспан!»
Тақтадағы жұлдыздардың артында есептер берілген. Есепті дұрыс шығарған оқушы жұлдызды алады. Жұлдыздардың түсі тапсырмалардың деңгейін білдіреді.
I деңгей
Есеп: Ауданы 300 см2 болатын бетке 60 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.