Балалар соңғы Сенек ауылы

Сабақ жоспары

Кестелік қосу мен азайтуды қайталау

Сабақ саяхат түрінде ұйымдастырылады: Жетібайдан Сенекке дейін бірнеше елді мекенге аялдап, әр бекетте тапсырмалар орындау арқылы білімді бекіту.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Қосу мен азайтудың мағынасын түсіндіру және бекіту.
  • 10 көлеміндегі кестелік қосу мен азайтуды қайталау.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту.
  • Өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
  • Шапшаң есептеуге жаттықтыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, елдің дамуына үлес қосатын білімді азамат болуға ынталандыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сабаққа әзірлік.
  2. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Мұғалім оқушыларға сурет көрсетіп, сұрақ қояды: «Балалар, мына суреттен кімді көріп отырсыздар?» Оқушылар жауап береді: Н. Ә. Назарбаев.

Еліміздің экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жолдаулар туралы қысқаша әңгіме айтылады. Бүгінгі сабақ сол идеямен үндес: дамыған елді мекендерге «саяхат» жасап, әр бекетте тапсырмалар орындап, білімімізді нығайтамыз.

Пойызға міну: «Бақылау картасы»

Жетібайдан Сенекке пойызбен аттанамыз. Пойызға міну үшін «билет» керек. Біздің билеттің орнына — бақылау картасы: берілген өрнектердің мәнін табамыз.

Бақылау картасы

Өрнек

2 + 3

Өрнектің мәні

5

Өрнек

5 + 5

Өрнектің мәні

10

Өрнек

4 − 2

Өрнектің мәні

2

Өрнек

7 − 6

Өрнектің мәні

1

Тапсырманы орындадық — сапар басталды. Енді Өзен қаласына бет аламыз.

1-бекет: Өзен қаласы — бизнес орталығы

Бұл бекетте қосу мен азайтудың компоненттерін еске түсіреміз және қарапайым теңдіктермен жұмыс жасаймыз.

Тапсырма (оқулық: 1–2)

Қосу

  • 2 + 2 = 4
  • 3 + 3 = 6
  • 4 + 4 = 8
  • 5 + 5 = 10
  • 1 + 1 = 2

Азайту

  • 8 − 4 = 4
  • 6 − 3 = 3
  • 4 − 2 = 2
  • 10 − 5 = 5

Тапсырмалар орындалды. Өзен қаласының тұрғындары разы. Келесі бекет — Құланды ауылы.

2-бекет: Құланды ауылы — компьютерленген, дамыған ауыл

Тапсырма (оқулық: №3)

  • Мәні 0-ге тең болатын айырмаларды жазу.
  • Бос ұяшықтарға тиісті сандарды қою.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, назарды қайта жинақтаймыз.

3-бекет: Бостан ауылы — мәдениет орталығы

Бұл бекетте 0 санының қосу мен азайтудағы қасиетін байқаймыз.

Тапсырмалар (оқулық: 4–5)

Қосынды бір қосылғышқа тең болатын теңдіктер

  • 4 + 0 = 4
  • 0 + 3 = 3
  • 6 + 0 = 6
  • 5 + 0 = 5
  • 0 + 2 = 2
  • 7 + 0 = 7

Айырма азайғышқа тең болатын теңдіктер

  • 6 − 0 = 6
  • 8 − 0 = 8
  • 9 − 0 = 9

Қорытынды: санды 0-ге қосқанда сан өзгермейді, ал саннан 0-ді азайтқанда да сол санның өзі қалады.

Соңғы аялдама: Сенек ауылы

Сенек — көгалдандырылған, ауасы таза, мөлдір суы бар ауыл. Пойыздан түсіп, ауылды аралау барысында өзіндік жұмыс орындаймыз.

Өзіндік жұмыс

Сынып 3 қатарға бөлінеді. Әр қатар өз тапсырмаларын орнында отырып шығарады.

1-топ

  • 3 + 2 = 5
  • 5 − 2 = 3
  • 4 + 3 = 7
  • 6 − 2 = 4

2-топ

  • 4 + 2 = 6
  • 8 − 3 = 5
  • 5 + 2 = 7
  • 7 − 2 = 5

3-топ

  • 6 + 3 = 9
  • 8 − 2 = 6
  • 6 + 2 = 8
  • 10 − 3 = 7

Қорытындылау: деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейіне сай қосымша қысқа тапсырмалар береді.

II деңгей

Тізбекті толықтыр

3, □, □, □, □, 8

Тізбекті толықтыр

9, □, □, □, □, □, □, 2

Өрнектер

  • 6 + 1 = 7
  • 9 − 1 = 8

III деңгей

Жұлдызшаның орнына <, > немесе = таңбасын қой.

  • 7 * 10 − 4
  • 4 + 3 * 4 + 2
  • 10 − 6 * 8 + 1

Сабақты аяқтау

Саяхатымыз аяқталды. Жаңарған, дамыған ауылдар ұнады ма? Оқушылар: «Ұнады».

Сіздер болашақта осындай елде өмір сүресіздер. Жақсы оқып, білімді азамат болсаңыздар, Қазақстанның дамуына үлес қосып, елдің мерейін өсіретін ұрпақ боласыздар.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.

Марапаттау

Белсенді оқушыларға «жалау» үлестіріледі.