Балалар үйлеріңде компьютер барма

Іс-әрекет мақсаты

  • Балаларды компьютермен таныстыру, үйрету және оқыту.

  • Компьютерге деген қызығушылықты арттыру.

  • Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Сиқырлы қобдиша Жүрекше Суреттер

Сабақ барысы

Амандасу

Тәрбиеші мен балалардың бірлескен сәлемдесуі.

Тәрбиеші:

Қане, балалар, «Әдепті елдің баласы ең алдымен сәлем берер» демекші, алдымен келген қонақтарымызбен амандасып алайық.

Балалар (бәрі қосылып):

Армысың, шұғылалы алтын күн!

Армысың, қайырымды Жер-Ана!

Армысың, мейірімді Аспан-Ата!

Армысың, менің достарым!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

«Шаттық шеңбері»

Жақсы көңіл күй қалыптастыру және тілек айту.

Тәрбиеші:

Балалар, сендерді шын жүрегіммен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз жақсы көңіл күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!

Өлең жолдары:

Қол алысып, кәне, біз

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

М. Альбина

Мен күнмін. Әрқашан күніміз сөнбесін!

Есболсын

Мен тумын. Ел байрағымыз көкте желбірей берсін!

Нұршат

Мен гүлмін. Балабақшамыз жайнай берсін, балалар күліп жүрсін!

Рамазан

Мен бидаймын. Нанымыз көп болсын!

Динара

Мен мұғаліммін. Білімді бала болып, даңқымыз биіктей берсін!

Сержан

Мен дәрігермін. Деніміз сау болсын, дастарханымыз мол болсын!

Майра

Мен жүрекшемін. Жүрегің таза, адал болсын!

Жанарыс

Мен қыран құспын. Қанатың талмай, көкте самғай беріңдер!

Ақтоты

Мен жапырақпын. Жапырақтай жайқалып, өсе бер!

Бахытжан

Мен елтаңбамын. Бейбіт өмір орнап, жеріміз көркейе берсін!

Нұрбек

Әрдайым еліміз аман болсын!

(Балалар қолдарындағы суреттерін ортада тұрған жүрекшеге салады. Ең соңғы бала жүрекшені тәрбиешіге береді.)

Тәрбиеші:

Айтқандарың келсін, балалар. Тілектерің қабыл болсын.

(Тәрбиеші жүрекшені жоғары көтеріп, бөлменің бір бұрышына іліп қояды.)

Сабақ тақырыбы және кіріспе әңгіме

Компьютер туралы қысқаша шолу және балалардың қызығушылығын ояту.

Тәрбиеші:

Балалар, енді орындарымызға отырайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен болашақты суреттеймін».

Ал енді компьютер деген не, ол қалай пайда болды — қысқаша шолып өтейік. Ертеде компьютерлер өте үлкен болған. Тіпті көлемі осы бөлмеміздей болыпты. Ғалымдар жұмысты жеңілдету үшін уақыт өте келе шағын, қолайлы компьютерлерді ойлап тапқан.

Бүгінде компьютер — адамзаттың теңдесі жоқ көмекшісі.

Сұрақ

Балалар, компьютерді бәріміз білеміз, солай ма?

Сұрақ

Үйлеріңде компьютер бар ма?

Сұрақ

Сендерге компьютер ұнай ма?

Сұрақ

Компьютермен жұмыс жасағыларың келе ме?