Сабаққа дайындықтарун тексеру

8-сынып: Д. И. Менделеевтің периодтық заңы

Бұл сабақта химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнына сүйене отырып, элемент пен оның қосылыстарына сипаттама беруді, атом құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсінуді және периодтық заңның маңызын ашуды мақсат етеміз.

Химия пәнінің мұғалімі: А. Сыдықова

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік: Менделеевтің периодтық жүйесінің маңызын түсіндіру; элементтің периодтық жүйедегі орны бойынша оның негізгі сипаттамаларын, атом құрылысы мен қасиеттерінің байланысын ашу.
  • Дамытушылық: өз бетінше ойлау, өздігінен жұмыс істеу, білімін бағалау және тексеру дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: білімге құштарлыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, уақытты тиімді пайдалануға және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Әдістер
сұрақ–жауап, есептеу, ойын, ассоциация
Көрнекіліктер
периодтық жүйе, таратпа қағаздар
Пәнаралық байланыс
физика, география, қазақ тілі

Негізгі ұғымдар

Период

Период — атомдық массаларының (қазіргі түсінікте атомдық нөмірінің) өсу ретімен орналасқан элементтер қатары. Период әдетте сілтілік металдан басталып, инертті (салғырт) газбен аяқталады.

Периодтық жүйе

Химиялық элементтердің қасиеттері атом ядросы зарядына тәуелді екенін көрсететін, элементтерді жіктеудің реттелген жүйесі. Бұл — Д. И. Менделеев 1869 жылы тұжырымдаған периодтық заңның графикалық көрінісі.

Сабақтың құрылымы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу.
  • Сабаққа дайындық деңгейін тексеру.
  • Оқушыларды жұпқа бөліп, жұмысқа бағыттау.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары арқылы оқушылардың периодтық жүйе туралы бастапқы түсінігі нақтыланады.

  1. Периодтық жүйедегі элементтер қандай белгілеріне қарай бөлінеді?
  2. Периодтық жүйедегі әртүрлі түстер нені білдіреді?
  3. Жүйедегі металдарға мысалдар келтіріңдер.
  4. Жүйедегі бейметалдарға мысалдар келтіріңдер.
  5. Периодтық жүйеде неше элемент бар?

Элементтерді топтастыру тапсырмасы

Элементтерді табиғи ерекшеліктері мен қасиеттерінің ұқсастығына қарай топтарға жіктейміз. Оқушыларға кестелер таратылады, олар берілген элементтерді тиісті топтарға орналастырады.

Сілтілік металдар

I топ элементтері (сутектен басқа), белсенді металдар.

Сілтілік жер металдары

II топ элементтері, негіз түзуші қасиеттері басым.

Галогендер

VIIA топ, бейметалдар, тұз түзушілер.

Халькогендер

VIA топ, оттек тектестер.

Жаңа тақырып: Периодтық заң және жаңа элементтердің ашылуы

Менделеевтің идеясы және кестенің мәні

Периодтық жүйе — элементтердің қасиеттері олардың атом құрылысына тәуелді екенін жүйелі түрде көрсететін құрал. Д. И. Менделеев 1869–1871 жылдары жасаған алғашқы нұсқаларында элемент қасиеттерінің атомдық массаға тәуелділігін негізге алды.

Ең маңызды жаңалықтарының бірі — ол әлі ашылмаған элементтердің бар екенін болжап, кестеде оларға орын қалдыруы және кейбір қасиеттерін алдын ала дәл сипаттауы.

Алдын ала болжанған элементтер

Менделеевтің болжамдары кейін тәжірибемен расталып, периодтық заңның ғылыми беделін күшейтті:

«Экоалюминий» → Галлий (Ga)

1875 ж. француз химигі П. Лекок де Буабордан ашты.

«Экабор» → Скандий (Sc)

1879 ж. швед ғалымы Л. Нильсон ашты.

«Экасилиций» → Германий (Ge)

1886 ж. неміс ғалымы К. Винклир ашты.

Ғылымның дамуы және периодтық заңның терең түсіндірмесі

Кейінгі ғылыми жаңалықтар атом құрылысының күрделі табиғатын ашып, периодтық жүйенің физикалық мәнін нақтылады. Олардың қатарында радиоактивтік құбылыстар, рентген сәулелері, сәуле шығарудың кванттық теориясы, атомның планетарлық моделі және электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша орналасу идеясы бар.

Ядро заряды және реттік нөмір

Г. Мозли еңбектері нәтижесінде әр элементтің реттік нөмірі оның ядро зарядына тең екені көрсетілді.

Электрондар құрылысы

Атомдағы электрондар саны мен олардың орналасуы элемент қасиеттерінің периодты қайталануын түсіндіреді.

Қабықтар мен кванттық принциптер

Н. Бор теориясы, А. Зоммерфельдтің толықтырулары және В. Паули принципі электрондардың қабықтарда орналасу заңдылықтарын айқындады.

Қазіргі периодтық жүйе туралы қысқаша мәлімет

  • Қазіргі периодтық жүйе көптеген элементтерді қамтиды; бірқатар элементтер (мысалы, Tc, Pm, At, Fr) жасанды жолмен алынған.
  • Периодтық жүйені әртүрлі графикалық нұсқада көрсету ұсынылғанымен, мектеп тәжірибесінде көбіне қысқа және ұзын периодты кестелер қолданылады.
  • Мектеп курсында жиі қолданылатын сипаттама: 7 период, қатарлар және 8 топ (негізгі және қосымша топшалар).

Қорытынды тапсырма

Жазылым

Оқулықтағы «Периодтық жүйе» ұғымының анықтамасын дәптерге жазып алыңыз.

Қайта байланыс

Период ұғымын және элемент қасиеттерінің ядро зарядына тәуелді екенін өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз.