Минутпен өрнектеу

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақ өткен тақырыптарды пысықтауға арналған. Оқушылардың өз бетінше ойлауын дамыту, жылдам есептеу дағдыларын жетілдіру және алған білімін жүйелеу көзделеді. Сабақ халықтық педагогика элементтерімен байланыстырылып, әдептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеуге мән беріледі.

Сабақ мақсаты

  • Өз бетінше ойлау қабілетін арттыру, тез есептеу дағдыларын жетілдіру.
  • Өткен білімді нығайту және толықтыру.
  • Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу (халықтық педагогикамен байланыстыру).

Әдістері

Түсіндіру Ойын Жұмбақ

Сабақ түрі

Ұжымдық Топтық жұмыс Ойын сабағы

Көрнекілігі

  • Дидактикалық материалдар
  • Суреттер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырмалар мен ойын ережелері түсіндіріледі.

II. Өткен материалды бекіту

1) Есептеулер (бет бойынша)

1-бет: киіз үйлер. 2-бет: тапсырмалар.

  • 14 − 7 = …
  • 80 − 10 = …
  • 40 + 20 = …
  • 1 сағ = … мин
  • 10 + 50 = …
  • 60 + 30 = …
  • 70 + 5 = …
  • 1 мин = … с

2) Ойын: «Тез жауап»

  • 60 − 30 + 7 = …
  • 90 − 70 + 1 = …
  • 10 + 60 + 9 = …
  • 60 − 30 + 2 = …

3) Ұжымдық жұмыс: есептер шығару

I топ

  • Ер бала — 5
  • Қыз бала — 7
  • Барлығы — ?

II топ

  • Ер бала — 5
  • Қыз бала — 5
  • Кірді — 10
  • Болды — ?

Сергіту сәті

Музыкалық қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

III. «Білгенге маржан, білмеске арзан»

Уақыт өлшемдерін минутпен өрнектеу тапсырмалары орындалады.

  • 1 сағ 20 мин = … мин
  • 90 мин = … сағ … мин
  • 1 сағ 40 мин = … мин
  • 1 сағ 10 мин = … мин

IV. Ойын: «Арқан тартыс»

1) Кесінді сызу

Берілген әр кесіндіден 2 см ұзын кесінді сыз.

2) Өлшеу және периметр

Берілген фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрін тап.

V. Сабақты бекіту (сұрақтар мен жұмбақтар)

Оқушылардың логикалық ойлауын және тапқырлығын дамытуға арналған қысқаша сұрақтар.

  1. 1

    Аспанда неше күн бар?

  2. 2

    Бес ін, бес іннің аузы — бір ін.

  3. 3

    Кемпірқосақтың неше түсі бар?

  4. 4

    Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?

  5. 5

    Қатар тұрған 3 санның қосындысы 9-ға тең. Ол қандай сандар?

VI. Қорытынды және бағалау

Қорытынды

Сабақ соңында орындалған тапсырмалар қысқаша талданып, негізгі ұғымдар мен тәсілдер қайта еске түсіріледі.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, дәлдігі, жылдамдығы және топтық жұмыстағы ынтымақтастығы ескеріле отырып бағаланады.