Желаяқ бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, олардың көркем сөйлеу мен көркем жазу шығармашылығын арттыру
Сабақтың тақырыбы
Әдебиеттік оқу (3-сынып). Сейдахмет Бердіқұловтың «Желаяқ» әңгімесі.
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру
Әдістері
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Тізбектей оқыту
- Дөңгелек үстел
- Аквариум әдісі
Көрнекілігі
- Оқулық
- Дәптер
- Автордың портреті
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы Желаяқ бейнесін жан-жақты ашу.
Дамытушылық
Желаяққа тән қасиеттерді саралап, талдата отырып, оқушылардың көркем сөйлеуін және шығармашылық жазуын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз Отанын, туған елін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен материалды бекіту.
2) Жаңа сабақ
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
3) Қызығушылығын ояту
Сұрақ: «Балалар, “Желаяқ” сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?»
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Бүгінгі сабақта С. Бердіқұловтың «Желаяқ» әңгімесімен танысамыз.
Автор туралы мәлімет
Сейдахмет Бердіқұлов 1932 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қара-Қастек ауылында дүниеге келген. «Лениншіл жас» газетінде редактор қызметін атқарған. Оның көптеген әңгімелері мен повестері испан, венгр, поляк тілдеріне аударылған. Жазушы 1994 жылы дүниеден озған.
4) «Дөңгелек үстел» әдісі (топтық жұмыс)
1-топ
«Желаяқ туралы не білеміз?»
- Әр оқушы Желаяқ туралы білетінін бір сөйлеммен жазады.
- Парақты оң жағындағы оқушыға береді.
- Келесі оқушы қайталамай толықтырады.
- Осылайша топ мүшелері ойларын жинақтайды.
2-топ
Тірек сөздермен жұмыс
Осы сөздерді қатыстыра отырып, топ мүшелері шағын әңгіме құрастырады.
3-топ
«Шатасқан шумақтар»
Берілген нұсқа:
Та өзіміз саққұлақ Өзіміз та желаяқ Көзіміз көлтаусардың
Дұрыс нұсқа:
Саққұлақ та өзіміз Желаяқ та өзіміз Көлтаусардың көзіміз
5) Мағынаны тану
Мәтін алдын ала 3 бөлікке бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі бөлікті өз бетімен оқып танысады, кейін топ ішінде талдайды.
6) «Аквариум» әдісі
Әр топтан ұсынылған оқушылар тақтаға шығып, өз бөлігін түсіндіреді және баяндайды. Осы тәсіл арқылы бүкіл сынып мәтін мазмұнымен толық танысады.
7) Сөздікпен жұмыс
8) Сабақты бекіту: «Бес жолды өлең»
Құрылымы:
- 1 жол — тақырып (1 сөз).
- 2 жол — тақырыптың қасиетін білдіретін 2 сөз (2 сын есім).
- 3 жол — іс-әрекетті білдіретін 3 сөз (3 етістік).
- 4 жол — 4 сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
- 5 жол — соңғы сөз (синоним).
Үлгі:
Желаяқ Жүйрік, батыл Жүгіреді, зымырайды, ұшқандай Желаяқ — еліміздің мақтанышы Шапшаң
9) Қорытындылау
Сұрақтар арқылы оқушылардың түсіну деңгейі анықталып, негізгі ой қорытындыланады.
10) Үй тапсырмасы
«Желаяқ» мәтінін түсініп оқып келу.
11) Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен үй тапсырмасын орындауына қарай бағаланады.