Қой шаруашылығы
Кіріктірілген ашық сабақ (10-сынып)
Пәндер: География және Информатика. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Әдісі: деңгейлеп оқыту.
Мұғалімдер
- Тұмабаева Гүлсім Сәлімқызы — география пәні
- Әскербаева Рысхан Сағымбайқызы — информатика пәні
Сабақ тақырыбы
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Мақсаты
Дүниежүзілік мал шаруашылығы мен балық шаруашылығы туралы білімді қалыптастыру, ғылыми түсінігін тереңдету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз көзқарасын дәлелдеуге және пікірін жүйелі айтуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Мал шаруашылығы салаларын меңгереді.
- Етті көп өндіретін елдерді біледі.
- Диаграмма құра алады.
- Есеп шығара алады.
- Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
- Деңгейлеп оқып, сұрақ құрастыра алады.
Қажетті құрал-жабдықтар
- Дүниежүзінің саяси картасы
- Оқушы атласы
- Слайдтар (презентация)
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, түгендеу.
- I слайд: тілек сөз. Әр топтың партасына қағаздан жасалған үш түсті қайықтар қойылады. Оқушылар түстер бойынша топқа бөлініп, ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.
- Топ ережесі: таныстыру. Бағалау парағын тарату.
II. Үй тапсырмасын тексеру
II слайд: сөзжұмбақ. Оқушылар сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.
III. Жаңа тақырып
1) «Түртіп алу» технологиясы
Оқушылар дәптерге сабақ тақырыбын жазады. III слайд.
2) Оқулықпен жұмыс және сұрақ құрастыру
Мәтінді оқи отырып, әр топ сұрақтар құрастырады. Бір топ екінші топқа сұрақ қойып, жауап берген топ саяси картаға стикерлер арқылы тиісті мемлекеттерді белгілейді.
Ірі қара шаруашылығы бойынша үлгі сұрақтар
- Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің қай аймақтарында жақсы дамыған?
- Дүниежүзі бойынша ірі қара мал саны қанша?
- Дамыған елдерге мал шаруашылығының қай бағыты тән?
- Дүниежүзінде етті көп өндіретін елдер қайсы?
Негізгі ұғымдар және дереккөз
- Мұғалім сұрағы: «Интенсивті» және «экстенсивті» ұғымдары нені білдіреді? Ережені қайталау, терминдерді еске түсіру.
- 24-кестедегі мәліметті ФАО ұсынады. ФАО қандай ұйым екенін анықтау.
- Өндірілетін еттің салмағын диаграммаға түсіру үшін есептеу жолдарын еске түсіру (информатика мұғалімі, 4-слайд).
Мал шаруашылығының басқа салалары
- Шошқа шаруашылығы: оқушылар сұрақ құрастырады, 1-топ жауап береді.
- Қой шаруашылығы: оқушылар сұрақ құрастырады.
- Құс шаруашылығы: оқушылар сұрақ құрастырады (5-слайд).
Балық шаруашылығы
«Кім жылдам?» әдісі: топтар жарыса жауап береді.
Мұғалім тапсырмасы (информатика мұғалімі, 6-слайд): жылдық орташа өнімді жан басына шақтап есептеу.