Бірінші кезекте отбасы

«Қазақшаңыз қалай?» отбасылық сайысы

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және сайысқа қатысушы отбасылар! Қош келдіңіздер!

Сайыстың мақсаты мен мәні

Жыл сайын елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының Тілдері күні аталып өтеді. Осыған орай ауданымызда 7 қыркүйектен бастап Тілдер онкүндігі ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар 11 қыркүйекте атап өтілетін Отбасы күні мерекесі биыл осы онкүндікпен тұспа-тұс келді. Сондықтан бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты отбасылық сайысымыз осы екі мерекеге арналады.

Негізгі ой:

Тіл — әрбір елдің, әрбір ұлттың мақтанышы. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Өйткені әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Тілдің тағдыры — елдің тағдыры.

Тілге деген құрмет пен Отанға сүйіспеншілік сияқты қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөз осыны дәлелдейді.

Қатысушылар

Арамызда мемлекеттік тілді отбасымен бірге үйреніп жүрген жерлестеріміз бар. Бүгінгі сайысқа сондай бірнеше отбасы қатысады. Қатысушылар төмендегідей:

  • Лозинскийлер отбасы

    Анасы — Татьяна Ильинична, ұлы — Дмитрий.

  • Товмасяндар отбасы

    Ағалы-інілі — Сергей мен Юра және олардың туысы (аты-жөні көрсетілмеген).

  • Ковалевтар отбасы

    Апалы-сіңлілі — Ольга мен Надежда.

  • Полянскийлер отбасы

    Апалы-сіңлілі — Наталья мен Ольга, сондай-ақ Ольганың қызы — Арина.

Әділқазылар алқасы

Төраға

Қарсыбаева Дина Садуақасқызы

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Мүше

Қайрмденова Арайлым Есболатқызы

Тілдерді оқыту орталығының директоры

Мүше

Мадиева Айман Кәрібайқызы

Орталықтың оқытушысы

Сайыс кезеңдері

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде қатысушылардың тілдік білімі, жылдам ойлау қабілеті және тапқырлығы бағаланады.

1-кезең: Отбасын таныстыру

Ретімен таныстыру

Әр отбасы кезекпен ортаға шығып, өздерін таныстырады:

  1. Бірінші — ___________________ отбасы.
  2. Екінші — ___________________ отбасы.
  3. Үшінші — ___________________ отбасы.
  4. Төртінші — ___________________ отбасы.

2-кезең: «Жорға»

Жылдам жауап

Бұл кезеңде берілген сұрақтарға мүмкіндігінше тез жауап беру қажет. Дұрыс жауаптардың санына қарай ұпай беріледі.

I топтың сұрақтары

  1. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
  2. Қыс айларын атаңыз. (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
  3. Қазақстан Республикасының туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
  5. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз? (16 желтоқсанда)
  6. «Моя Родина — Республика Казахстан» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.
  7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4 түрі)
  8. 6 шілде қандай мереке? (Астана күні)

II топтың сұрақтары

  1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
  2. Көктем айларын атаңыз. (наурыз, сәуір, мамыр)
  3. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлихан)
  4. Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген? (қанатты пырақтар, алтын жұлдыз және т.б.)
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін қашан тойлаймыз?
  6. Үш тұғырлы тіл саясатына қандай тілдер кіреді? (қазақ, орыс, ағылшын)
  7. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9 дыбыс)
  8. «Казахский язык — государственный язык» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз.

III топтың сұрақтары

  1. Бір аптада неше күн бар? (7 күн)
  2. Күз айларын атаңыз. (қыркүйек, қазан, қараша)
  3. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кімдер? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
  4. Қазақстанда Наурыз мейрамы қашан тойланады?
  5. 1 желтоқсан қандай мереке?
  6. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз. (бесбармақ, бауырсақ, қуырдақ)
  7. «Я живу в независимом государстве» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз. (Мен тәуелсіз мемлекетте тұрамын.)
  8. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

IV топтың сұрақтары

  1. Бір жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл)
  2. Жаз айларын атаңыз. (маусым, шілде, тамыз)
  3. Қазақстан Республикасының туында не бейнеленген? (қыран, ою-өрнек, күн сәулесі)
  4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
  5. Тілдер мерекесі қай айда аталып өтеді? (қыркүйек)
  6. Қазақ тілінде неше септік бар? Атаңыз. (7 септік)
  7. «Казахстан — многонациональное государство» сөйлемін қазақ тіліне аударыңыз. (Қазақстан — көпұлтты мемлекет.)
  8. Қазақстанның елордасы қай қала? (Астана)

Осылайша «Жорға» кезеңі аяқталады. Келесі кезеңдерге өтейік.

3-кезең: «Қазақ есімдері»

Аударма тапсырмасы

Қатысушыларға парақшалар таратылады. Парақшадағы сөздерді қазақ тіліне аудару керек. Дұрыс аударылған сөздерден қазақ есімдері шығады. Дайын болған соң, жауаптарыңызды әділқазылар алқасына тапсырасыздар.

4-кезең: «Тапқыр»

Әріппен жауап

Бұл кезеңде жұлдызшалар таратылады. Жұлдызшаларда әріптер жазылған. Қойылған сұрақтардың жауабы сол әріптен басталуы тиіс.

1-топтың сұрақтары

Әріп: А
  1. Сіздің атыңыз кім?
  2. Сіз қайда тұрасыз?
  3. Сізге қандай жеміс ұнайды?
  4. Сіз кіммен таныстыңыз?
  5. Жазда демалысқа қайда барасыз?
  6. Сіздің неше құрбыңыз бар?

Ұйымдастырушы туралы мәлімет

Ақмола облысы, Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері — Махметова Жанар Қайртаевна.