Баланың жалмауыздан құтылуы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Қазақ әдебиеті, 6-сынып

Тақырып

«Алтын сақа» ертегісі

Көрнекіліктер

Суреттер, плакат, тірек-сызба (схема)

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың ертегілер туралы түсінігін кеңейту, халық ауыз әдебиеті бойынша білімдерін қайталау және есте сақтауға бағыттау.

Дамытушылық

Ертегіні оқыту арқылы мазмұны мен мәнін түсінуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік

Қазақ ертегілеріне қызығушылықты арттыру, қиындықты ақылмен және тапқырлықпен жеңе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және ұйымдастыру

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Бір-біріне түсіндіру
  • Баяндау
  • Оқу
  • Бекіту

Жұмыс форматы

Оқушылар 4 топқа бөлініп, мәтінмен жұмыс, талдау, сурет салу және қорғау жұмыстарын орындайды.

Уақыт бөлінісі (негізгі кезеңдер)

  • Ұйымдастыру, сергіту3 минут
  • Үй тапсырмасы5 минут
  • Жаңа сабақ15 минут
  • Бекіту және бағалауқадам бойынша
  • Кері байланыссабақ соңында

Үй тапсырмасын тексеру: халық ауыз әдебиеті

Әр халықтың ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқы ауыз әдебиеті шығармаларына өте бай. Осы бөлімде оқушылар өзара сұрақ қойып, білімдерін еске түсіреді.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. 1.Халық ауыз әдебиеті деген не?
  2. 2.Халық ауыз әдебиетін кімдер шығарған?
  3. 3.Ауыз әдебиеті бізге қалай жеткен?
  4. 4.Ауыз әдебиетінің нақты авторы бола ма?
  5. 5.Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
  6. 6.Мақал-мәтелдердің түрлерін ата.
  7. 7.Мақал-мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?
  8. 8.Мақал-мәтел кімнің даналығы?

Жаңа сабақ: ертегілер әлемі және «Алтын сақа»

Ертегі бізге қалай жеткен?

Ертегі ауыздан-ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Тірек-сызба бойынша негізгі ұғымдар

Ертегілер неге байланысты туған?

Адамдардың еңбегі мен тұрмыс-тіршілігіне байланысты.

Ертегілерде адамдар нені армандаған?

Жақсы өмірді, әділдік пен бақытты.

Ертегілер неше топқа бөлінеді?

  • Қиял-ғажайып
  • Хайуанаттар туралы
  • Тұрмыс-салт

«Алтын сақа» ертегісі қиял-ғажайып тобына жатады.

«Сақа» ұғымы

Сақа — асықтың ішіндегі ең ірісі әрі салмақтысы. Көбіне оған қорғасын құйылып, асық ату ойынында ұтуға пайдаланылады. Бұл — ауыл балалары сүйіп ойнайтын ұлттық ойындардың бірі.

Мәтінмен жұмыс: бөлімдерге бөліп оқу

Ертегі мазмұнын нақтылау үшін мәтін мағыналық бөліктерге бөлініп, әр топ өзіне берілген бөлімді ертегіден тауып, оқиды.

1-бөлім

Бай мен жалмауыз кемпірдің кездесуі.

2-бөлім

Бала мен жалмауыз кемпірдің қашуы.

3-бөлім

Кемпірдің түлкілермен кездесуі.

4-бөлім

Баланың жалмауыздан құтылуы.

Топтық тапсырма

Әр топ өз бөлігін мұқият оқып, сюжеттің сол тұсына сәйкес сурет салады. Соңында топтар жұмыстарын қорғап, мазмұнын дәлелдермен түсіндіреді.

Кейіпкерлер және мінездеме

Ертегідегі кейіпкерлер

Бай, бала, жалмауыз кемпір, түлкілер, қарлығаш, төбеттер (иттер), ат.

1-топ: жағымды кейіпкерлер

Бала, қарлығаш, ат, иттер, түлкі — әрекеті арқылы жақсылық, адалдық, көмектесу, тапқырлық идеяларын танытады.

2-топ: жағымсыз кейіпкерлер

Жалмауыз кемпір, бай.

Байдың сипаты

Қорқақ, сараң, аңғал.

3-топ: жалмауыз кемпірге мінездеме

Арам, зұлым, кәрі, қатыгез.

Іс-әрекеттері

  • Судан шықты
  • Байды ұстап алды
  • Баланы қуды
  • Ағаш түбін қазды
  • Жазаға ұшырап, жеңілді

4-топ: балаға мінездеме

Ақылды, тапқыр, қайырымды.

Іс-әрекеттері

  • Тайға мінді
  • Алтын сақасын тапты
  • Қашты
  • Терек басына шықты
  • Көмек сұрады
  • Құтылды

Қорытынды ой

Ертегі өмірмен сабақтас. Кейіпкерлердің әрекеті арқылы оқушылар жақсы мен жаманды ажыратуды, қиындықтан ақылмен шығудың мәнін түсінеді.

Бала кімді жеңді?

Жалмауыз кемпірді.

Балаға кімдер көмектесті?

Қарлығаш пен иттер.

Сөйлем құрастыру: оқушы суреттері бойынша

Оқушылар үйде салған суреттері бойынша сөйлемдер құрастырады. Үлгі ретінде төмендегі сөйлемдер қолданылды:

  • Жалмауыз кемпірдің жанында сақа жатыр.
  • Қарлығаш баламен дос.
  • Бала көлге келді.
  • Бала алтын сақасын алды.
  • Қызыл түлкі жалмауыз кемпірді алдады.

Кері байланыс

Сабақты қорытындылау үшін оқушылар стикерге өз әсерін қысқаша жазып, смайликтер тақтасына іледі.