Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық Сабақ мақсаты
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі: Сисенбекова Алия Озғанбаевна
Сабақ тақырыбы
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
Сабақ мақсаты
- Балалардың жыл бойы алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы бекіту.
- Жұмбақтар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін және есте сақтау дағдыларын дамыту.
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі
- Шарлар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Тәрбиеші: «Балалар, бүгін бізге қонақтар келді. Қане, амандасайық!»
Балалар: «Сәлеметсіздер ме!»
«Шаттық шеңбері» ұйымдастырылады.
2) Өткенді қайталау
Сұрақ–жауап
-
Тәрбиеші: «Қазір қай мезгіл?»
Балалар: «Көктем мезгілі.»
-
Тәрбиеші: «Көктем мезгілі неше айдан тұрады?»
Балалар: «Көктем мезгілі 3 айдан тұрады.»
-
Тәрбиеші: «Көктем айларына қай айлар жатады?»
Балалар: «Наурыз, сәуір, мамыр.»
-
Тәрбиеші: «Бір аптада неше күн бар?»
Балалар: «Бір аптада 7 күн бар.»
-
Тәрбиеші: «Апта күндерін атайық.»
Балалар: «Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.»
3) Жаңа сабақ
Тәрбиеші балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын хабарлайды: «Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық».
Тосын сәт
Тәрбиеші: «Балалар, есік қағылған сияқты. Қане, кім екенін көрейік.»
Балаларға қонақ келеді — Күлдірген.
Тәрбиеші: «Кім келді, балалар?»
Балалар: «Күлдірген!»
Күлдірген: «Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Балалар: «Сәлеметсіз бе, Күлдірген!»
Күлдірген: «Мен Күлдіргенмін. Балабақшаларды аралап, ойын-сауық ұйымдастырамын. Бүлдіршіндерді күлдіремін.»
Тәрбиеші: «Күлдіргеннің қолында не бар?»
Балалар: «Шарлар.»
Тәрбиеші: «Шарлардың түстері қандай?»
Балалар: «Қызыл, жасыл, сары, көк.»
Күлдірген: «Дұрыс айтасыңдар! Менің қолымда шарлар бар, ал шарлардың ішінде тапсырмалар жасырылған. Сендердің білімдеріңді тексеруге келдім. Тапсырмаларды орындаймыз ба?»
Балалар: «Иә, орындаймыз!»
I тапсырма: Тіл дамыту
Сұрақ-жауап-
Күлдірген (1-сұрақ): «Біз қай Республикада тұрамыз?»
Балалар: «Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.»
-
Күлдірген (2-сұрақ): «Қазақстан Республикасының Елбасы кім?»
Балалар: «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.»
-
Күлдірген (3-сұрақ): «Елордамыз қалай аталады?»
Балалар: «Астана.»