Жеңіске арналған плакаттар, тақырып жазылған билборд

Іс-шара туралы мәлімет

Өтетін орны

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 мектеп

Тәлімгер

Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы

Тақырыбы

«Жеңіске рух берген әндер»

Мақсаты

  • Оқушыларға патриоттық тәрбие беру; елін, жерін, Отанын сүюге және қадірлеуге баулу.
  • Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.

Көрнекіліктер

Жеңіске арналған плакаттар, тақырып жазылған билборд.

Кіріспе. Жеңістің рухы — әнде

Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандырған ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиған Ұлы Жеңіс —
Бүгінде 65 жасқа толды міне.

Әлемге той деп бүгін жар саламыз,
Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.
Төрлетіңдер, достарым, төрлетіңдер,
Жеңіс күні — біз бүгін ән саламыз.

Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық ән байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Сіздерді 9 мамыр — Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Құттықтау сөз

Келесі құттықтау сөз Майлыбас ауылдық округінің әкімі ________________ ағайға беріледі.

Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең.

Байқау тәртібі

Әділқазылар алқасы

  1. 1 ________________
  2. 2 ________________
  3. 3 ________________

Бағалау өлшемі

Байқауда әннің орындалу шеберлігі ескеріледі. Ұпай нәтижесі бірден хабарланады.

Ұпай және орындар

Жоғары ұпай
10
Төмен ұпай
5
І, ІІ, ІІІ орын анықталады.

Көп сөзге салынбай, жоспардан аспайық. Ән шырқап, би билеуден қашпайық. Ендеше, рұқсат етсеңіздер, кешімізді бастаймыз!

Өнер бағдарламасы

Би

Таңданайық өнерге, тамсанайық! Ортаға биші Бақнұрды қарсы алайық. Шабыттансын, көңіл көтерілсін — өнерліні мадақтап жар салайық!

«Отаным менің — кең байтақ Қазақстан»,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар, қане, артық дейтін қазақтан?!

Ән: «Отаным»

Орындайтын: 5-сынып оқушысы

Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.

Өлең: «Мәншүк»

Орындайтын: 6 «А» сынып оқушысы

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан — Қазақ елім!

Өлең: «Қазақстан елі»

Орындайтын: 9 «Б» сынып оқушысы

Бойда қызу қан ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқы — мұрат үшін қажетті,
Сарбаздар — елдігімнің тірегі!

Ән: «Сарбаздар»

Орындайтын: 7 «Б» сынып оқушысы

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан — бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде.

Ән: «Атамекен»

Орындайтын: 9 «А» сынып оқушысы

Армысың, ата-қоныс, атамекен,
Киелі, қасиетті туған өлкем.
Саған деген сезімім, сағынышым
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.

Өлең: «Мәншүк туралы жыр»

Орындайтын: 6 «А» сынып оқушысы

Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу — ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

Өлең: Туған жер туралы

Орындайтын: 10-сынып оқушысы

Саған жырдан сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!

Ән: «Саржайлау»

Орындайтын: 10-сынып оқушысы — ________________

Орындау: «Саржайлау»

Тәуелсіздік пен елдік туралы ән-жырлар

Өлең: Елге үндеу

Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті — қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап, қайғы-мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам.

Ән: «Егеменді ел — Қазақстан»

Орындайтын: 6 «Б» сынып оқушысы — ________________

Орындау: «Егеменді ел — Қазақстан»

Өлең туралы ой

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі — өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай, елең-елең.

Ән: «Катюша»

Орындайтын: 8 «А» сынып оқушысы

Орындау: «Катюша»

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Кенжебектей баламыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып тамсанбаған.

Ән: «Қазақ жігіттері»

Орындайтын: қатысушылар тобы

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «Синий платочек»

Орындайтын: 10-сынып оқушысы — ________________

Орындау: «Синий платочек»

Ән: «Сарбаздар»

Орындайтын: 8 «Б» сынып оқушысы

Батыр болған бабалар,
Ел бастаған даналар.
Байтақ жерге жау тигізбес —
Қазақтың сарбаздары!

Ән: «Астана»

Орындайтын: 9 «А» сынып оқушысы

Астанам — нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам.
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.

Өлең: Көк Ту туралы

Орындайтын: 9 «Б» сынып оқушысы

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын-от бар ма сірә,
Отан — әнмен жүрегім тербеледі.

Ән: «Ақ көгершін»

Орындайтын: қатысушылар

Бейбітшілік — жанымыздың гүл саясы,
Шешек атқан ырғақ — ол әннің аясы.
Көгершіндей қанат қаққан үніміз —
Жүректерде жаңғырар татулық баяны.

Ән: «Тәуелсіз Қазақстан — елім менің»

Орындайтын: қатысушылар тобы

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!

Қорытынды

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіске рух берген әндер» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды.