Есепті талдау
Сабақ тақырыбы: Математика
Сабақ мақсаты
- Екі таңбалы санға бөлу және көбейту дағдыларын дамыту; бөлінді, көбейткіш және бөлінгіш құрамында нөл болған жағдайларда есептеу тәсілдерін меңгерту; есептеу дәлдігі мен жылдамдығын жетілдіру.
- Оқушылардың танымдық, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Пәнге қызығушылықты оятып, белсенділікті арттыру; ел жаңалықтарын біліп, өз үлесін қосуға ынталандыру.
Сабақ көрнекілігі
- Н. Ә. Назарбаевтың портреті
- ЭКСПО–2017 эмблемасы
- Интерактивті тақта
- Тест тапсырмалары
- Формулалар
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ.
Сабақ мазмұны ЭКСПО–2017 жаңалығымен байланыстырылып, есептер арқылы оқушылардың есептеу дағдысы мен логикалық ойлауы бекітіледі.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушыларға жаңалық хабарлайды: Қазақстанда ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесі өтетін болады. «Болашақтың қуаты» жобасы арқылы еліміз жарық пен жылуды күн мен жел қуатынан алуға болатынын дәлелдеді.
Тыңдаған мемлекет
161
Дауыс берген
104
Нәтиже
Қазақстан таңдалды
Оқушыларға: «ЭКСПО–2017 өз елімізде өтуіне үлес қосу үшін төмендегі тапсырмаларды орындаймыз» — деген мақсат қойылады.
№1 тапсырма — Ауызша есептеу
Тез есептеп, нәтижені дәл айтуға жаттығу.
45 × 99
37 × 101
40 × 25
99 + 115
50 × 999
800 × 25
101 × 89
№2 тапсырма — Бөлу (жазбаша тәсіл)
«Мен де өз дауысымды бергім келеді» — тапсырмалар арқылы жазбаша бөлу тәсілін бекіту.
222 900 ÷ 460
155 000 ÷ 6 200
№2 (ә) — ЭКСПО–2017 өткізуге қанша қаражат бөлу керек?
Тақтада баған түрінде орындау.
27 200 ÷ 320
22 400 ÷ 640
1 322 500 ÷ 5 300
17 920 ÷ 280
16 720 ÷ 440
2 552 000 ÷ 7 200
ЭКСПО–2017-ні өткізуге 5 000 000 еуро бөлінеді деп жоспарланған.
№3 тапсырма — Көбейту
«Қайда жұмсалады, не үшін керек?» тақырыбы бойынша есептеулер.
44 207 × 36
4 027 × 36
4 270 × 36
4 007 × 36
№4 тапсырма — Есепті талдау (теңдеу құру)
Талдау сұрақтары
- Есепте қандай белгі (амал) бар?
- Есепті теңдеумен шығару керек пе?
- Не белгісіз?
- Теңдеу құрып, шешімін табу.
Теңдеу шешімі
Сыныптағы оқушы саны — x
x − 23 = 5 + 8
x = 23 + 13
x = 36
Жауабы: сыныпта 36 оқушы бар.
№4 (ә) — Ауызша есеп
12 + 6 = 18
Жауабы: 18 оқушы.
№5 тапсырма — Есеп (2 тәсілмен шығару)
Берілгендері бойынша есепті талдап, шешудің екі жолын көрсету.
Берілгені
- I
- — 1/4
- II
- — ? (I-ден 672 кг артық)
- III
- — ?
- Барлығы
- 7 068 кг
1-тәсіл
7 068 ÷ 4 = 1 242
1 242 + 672 = 1 914
7 068 − 1 242 − 1 914 = 3 912
2-тәсіл
7 068 − (7 068 ÷ 4) + 672 = 5 154
5 154 − 1 242 = 3 912
Жауабы: үшінші машинамен 3 912 кг жем әкелінді.
№6 тапсырма — «Сыйлықтағы кәмпиттер» есебі
Жаңа жыл ЭКСПО-мен бірге қандай сыйлық әкелді? Сыйлық ішінде кәмпиттің екі түрі бар: карамель және шоколад.
Шешуі
Барлығы: 5 400
Бір сыйлықта: 12 + 24
5 400 ÷ (12 + 24) = 150
150 × 12 = 1 800
150 × 24 = 3 600
Жауабы
- 150 сыйлық
- 1 800 карамель
- 3 600 шоколад
Жолдар және қозғалыс формулалары
Астана қаласындағы ЭКСПО қалашығында қандай жолдар салынуы мүмкін? Интерактивті тақтадан жол түрлері көрсетіліп, оқушылар ауызша есеп құрастырып, шығарады.
Жылдамдық
V = ?
Қашықтық
S = ?
Уақыт
t = ?