Алма сөзіне түрлі мағынада қолданып сөйлем құра

Кіріспе

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дана тілім!

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: «Жүрек жылуы»

Әрқайсымыз жүрегімізден шыққан жылы сөздер айтайық.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн — бүгін!

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты бүгін күн!

II. Қызығушылығын ояту

Сөздерді талдау

Оқушыларға мына сөздер беріледі: қой, алма, бал, ашық, қаз. Әр сөздің мағынасын түсіндіріп, әртүрлі мағынада қолдануға мысал келтіреді.

Ойын: «Қызықты алтылық»

  • Заттар мен құбылыстар адамға не арқылы танылады?
  • Қандай сөздерді білеміз?
  • Бірнеше қарама-қарсы мағыналы сөздер айт.
  • Қарсы мәндес сөздерге мысал келтір.
  • Алма сөзін әртүрлі мағынада қолданып сөйлем құра.
  • Тез сөзіне мәндес сөздерді ата.

Бүгінгі негізгі ұғымдар: мәндес сөз, қарама-қарсы мағыналы сөз, көп мағыналы сөз.

III. Мағынаны тану

1-жаттығу: сөйлемдерді оқу және ауызша талдау

Арық (1-мағына)

Су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы.

Арық (2-мағына)

Мал қыстан арық болып шықпас үшін күтім керек.

2-жаттығу: көп мағыналы сөздерді табу

Мәтіндегі қалың қаріппен берілген сөздердің басқа мағыналарын анықтап, әр мағынаға жеке сөйлем құрастырып жазады.

Суретпен жұмыс

Бұрыш Алма Жүз Қырық

IV. Сергіту сәті және бекіту

Сергіту сәті

Отырайық, жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге қонайық.

3-жаттығу: дыбысталуы бірдей сөздердің мағынасын ажырату

Суретте бейнеленген зат және сан атауларымен бірдей дыбысталатын сөздердің басқа мағыналарын тауып жазады:

Бұрыш Қырық Жүз Үй

Сөзжұмбақ

  1. Аюдың тамағы.
  2. Ең мейірімді жан.
  3. Жерде туып, көкте өледі.
  4. Өзі жап-жас, мұрты бар.
  5. Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін.

4-жаттығу: екі мағынада қолданылатын сөздер

Берілген сөздерден көп мағыналы сөздерді теріп алып, әр мағынасына сөйлем құрастырып жазады: күй, кір, мақта, тамыз, ауыр.

Қосымша тапсырма: осы сөздердегі дауысты дыбыстарға мінездеме беру.

V. Ой толғаныс

Жұмбақтар

Бар ма, жоқ па — білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін.

Жауабы: ауа

Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәні түсінуге жараған.

Жауабы: әріптер

Бірі ащы, бірі тәтті,
Екі ұнтақ, екеуі де ақ.
Біреуі майға ұнайды,
Біреуі шайға ұнайды.

Жауабы: тұз бен шекер

Үй тапсырмасы

Оқулықтың 62-беті, 5-жаттығу.

Автор туралы мәлімет

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Сеитова Б. Ж.