Ауылға Ауыл деген кең дала, Жап - жасыл ғой айнала

Байқоңыр қаласы

№8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің 6 «Ж» сынып оқушысы — Байдуллаева Фариза Кенжеғалиқызы

Ауылым — алтын бесігім

«Ауыл» деген сөзді естігенде-ақ, бойымды ерекше қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, ал шөбі көк майса болады.

Ауылда төрт түлік мал ұстайтындықтан, дастарқанға ақ тағамдар мол келеді: май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран, шұбат, құрт және тағы басқа.

Ауылда менің әжем мен атам тұрады. Біз демалыс сайын ауылға барып, сол жақтың тыныс-тіршілігін көріп, жанымызды сергітіп қайтамыз.

Тіршіліктің берекесі

Ауылдағы адамдар көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Көктем келгенде төрт түлік төлдеп, ауылдың сәні кіріп сала береді: қозы-лақ маңырап, құлын-тай тебісіп, балалар шаттанып қуалап жүреді. Сол сәттердің өзі ауылдың шынайы әсемдігін танытады.

Ауылдың көркі — қарапайымдылық

Ауылда қаладағыдай сәулет өнері аса дамымағанымен, оның көркемдігі ерекше. Ол — төрт түлік малымен, таза ауасымен, көк майса шөбімен және кең жазық даласымен айрықша.

Мен нағыз байлықтың бастауы ауылда жатыр деп ойлаймын. Сондықтан ауылдың қадірін түсініп, оның экономикасын көтеруге әрқайсымыз үлес қосуымыз керек.

Өлең

Ауыл деген — кең дала,

Жап-жасыл ғой айнала.

Ауасы қандай тамаша,

Ой салады оңаша.

Ауылда өсті жан анам,

Қадірлі ғой ол маған.

Жаны қымбат анашым —

Лаура атты сүйікті жан.

Осы ауылдан шыққан ғой,

Біздің білгір даналар.

Биіктерде отыр ғой,

Істеріне таң қалар.